17 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- «Бір белдеу, бір жол» халықаралық ынтымақтастықтың жоғары деңгейдегі үшінші форумының ашылу салтанаты Бейжіңде 18 қазанда өтеді. Қытай Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Бас хатшысы, мемлекет Төрағасы және Орталық Әскери комитет Төрағасы Си Цзиньпин ашылу салтанатына қатысып, бағдарламалық сөз сөйлейді.
17 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- 17 қазан күні таңертең ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Қытайға «Бір белдеу, бір жол» халықаралық ынтымақтастықтың жоғары деңгейдегі үшінші форумына қатысу үшін келген Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен Бейжіңдегі Халық құрылтайы сарайында кездесті. Си Цзиньпин ескі доспен қайта кездесуге өте қуанышты екенін атап өтті.
17 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- 13 қазанда «Жібек жолы» атты алғашқы Қытай-Қазақстан медиасы бірлесіп жұмыс жасайтын студия ресми түрде іске қосылды. Бұл сондай-ақ Орталық Азияда құрылған Қытай-шетелдік БАҚ бірлесіп жұмыс жасайтын студия.
17 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайға «Бір белдеу, бір жол» халықаралық ынтымақтастықтың жоғары деңгейдегі үшінші форумына қатысу үшін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 16 қазан күні кешке Бейжіңге жетті.