Си Цзиньпин Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевпен кездесті

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 17 қазан

17 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- 17 қазан күні таңертең ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Қытайға «Бір белдеу, бір жол» халықаралық ынтымақтастықтың жоғары деңгейдегі үшінші форумына қатысу үшін келген Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен Бейжіңдегі Халық құрылтайы сарайында кездесті.

Си Цзиньпин ескі доспен қайта кездесуге өте қуанышты екенін атап өтті. Төраға Си Цзиньпин Қ.Тоқаевты «Бір белдеу, бір жол» халықаралық ынтымақтастықтың жоғары деңгейдегі үшінші форумына қатысу үшін Қытайға келуімен құттықтады. Салауатты, тұрақты және серпінді Қытай-Қазақстан қатынастары екі елдің дамуы мен жандануына, сондай-ақ өңірлік бейбітшілікті және орнықтылықты қорғауға пайдалы. Халықаралық ахуал қалай өзгерсе де, Қытай мен Қазақстан өздерінің бастапқы ниеттерін ұстануға, бір-біріне көмектесуге ұмтылуға тиіс. Тату көршілік пен достық тұжырымдамасы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, екі ел арасындағы тұрақты және жан-жақты стратегиялық әріптестікті дамытуды ұдайы ілгерілету керек.

Си Цзиньпин «10 жыл бұрын Мен алғаш рет Қазақстанда «Жібек жолының экономикалық белдеуін» бірлесіп салу туралы бастама көтердім. Екі тарап үлкен нәтижелерге қол жеткізу және екі елдің халықтарына көбірек пайда әкелу үшін ынтымақтастықты нығайтып, «Бір белдеу, бір жол» бірлескен құрылысын ілгерлетуі керек»-,деді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото