人民网首页

Жңалықтар

XIV CPPCC Ұлттық Комитетінің екінші сессиясының баспасөз конференциясы өтті

4 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 3 Наурызда Бейжіңдегі Халық құрылтайы сарайында Қытай Халықтық саяси консультативтік кеңесінің XIV Ұлттық комитетінің екінші сессиясының баспасөз конференциясы өтті. Конференцияның баспасөз хатшысы Лю Цзеи аталмыш шараның тиісті жағдайын қытайлық және шетелдік БАҚ өкілдеріне таныстырып, журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Қытай жаңа сапалы өнімділіктің дамуын жеделдетіп жатыр

1 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Өткен жылдың қыркүйек айындағы «Жаңа сапалы өнімділіктің» бірінші ұсынысынан бастап, өткен жылдың желтоқсан айында Орталықтың экономикалық жұмыс жиналысына «жаңа сапалы өнімділікті дамытуды» енгізуге дейін, одан әрі осы жылдың қаңтарындағы Орталық саяси бюроның Он бірінші ұжымдық зерттеуінде жүйелі түрде түсіндірілгенге дейін.

2023 жылғы екі сессияның ұсыныс-пікірлерін Мемлекеттік кеңестің департаменттері толық аяқтады

1 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Мемлекеттік кеңестің ақпарат басқармасының өкілі Син Хуина 29 ақпанда берген ақпаратына сәйкес, 2023 жылғы екі сессияда Мемлекеттік Кеңестің әртүрлі департаменттерінде Мемлекеттік Халық құрылтайы жиналысының өкілдерінен барлығы 7 955 ұсыныс, Саяси консултативтік кеңес өкілдерінен 4 525 пікір қабылданған. Қабылданған ұсыныстар мен пікірлер жалпы ұсыныс-пікір санының 95,7% және 96,5%-ын құрайды.

ҚКП ОК Саяси Бюросы үкіметтің жұмыс есебін талқылау отырысын өткізді

1 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай Коммунистік Партиясы Орталық Комитетінің Саяси Бюросы 29 ақпанда Мемлекеттік кеңестің 14-ші мемлекеттік Халық құрылтайының екінші сессиясына дайындаған «Үкіметтің жұмысы туралы есеп» баяндамасын талқылау отырысын өткізді. Отырысты ҚКП ОК Бас хатшысы Си Цзиньпин басқарды.

Қытай шетелдік азаматтарға төлем қызметінің ыңғайлылығын арттыру үшін шаралар қабылдауда

1 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай Халық Банкінің бейсенбі күні жариялаған хабарламасына сәйкес, елге келген шетелдіктерге төлем қызметін ыңғайлы етуге жәрдемдеседі. Қытай Халық Банкі төрағасы Пэн Гуншэн төлем қызметтерін оңтайландыру жөніндегі жиналыста айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізу үшін жақын арада жан-жақты және үйлестірілген шаралар қабылдау керектігін айтты.

Алдыңғы бет6 7 8 9 10 Келесі бет