Қытай шетелдік азаматтарға төлем қызметінің ыңғайлылығын арттыру үшін шаралар қабылдауда

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 1 наурыз

1 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай Халық Банкінің бейсенбі күні жариялаған хабарламасына сәйкес, елге келген шетелдіктерге төлем қызметін ыңғайлы етуге жәрдемдеседі.

Қытай Халық Банкі төрағасы Пэн Гуншэн төлем қызметтерін оңтайландыру жөніндегі жиналыста айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізу үшін жақын арада жан-жақты және үйлестірілген шаралар қабылдау керектігін айтты.

Alipay-Ant Group Компаниясы Қытайдағы негізгі төлем қолданыстарының бірі. Шетелдік пайдаланушылар шетелдегі банк картасын Қытайда сауда жасау үшін Alipay-дің халықаралық нұсқасына енгізе алады. Сонымен бірге Alipay-дің халықаралық нұсқасымен шетелдегі әмиянды сканерлеу кодымен төлеуге де болады.

Болашақта Ant Group шетелдіктердің Alipay арқылы Қытайдың ірі қалаларында метро және автобусқа отыру бойынша шаралар қабылдауды жоспарлауда.

Қытайдың ірі банктері шетелдік банктік карталарды қабылдауды кеңейту және Қытайдағы шетелдіктердің қолма-қол ақшаны пайдалануын жеңілдету үшін де шаралар енгізуде.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото