Сиань қаласында Қытай - Орталық Азия азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастық жөніндегі жұмыс тобының бірінші конференциясы шеңберінде (С5+1) Қазақстан Республикасының авиациялық билігі мен Қытай Халық Республикасы арасында келіссөздер жүргізілді деп жазды ҚазАқпарат. Қазақстандық делегацияны Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева, Қытай делегациясын Қытай азаматтық авиация әкімшілігі халықаралық қатынастар департаменті бас директорының орынбасары Бай Венли бастады.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Бейжің Тіл және мәдениет университетінің Астанадағы филиалы ашылатынын мәлімдеді. Бұл ЖОО-да ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қытай тілін үйренген.