ҚР Президенті білім алған қытайлық университеттің филиалы Астанада ашылады

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 24 маусым

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Бейжің Тіл және мәдениет университетінің Астанадағы филиалы ашылатынын мәлімдеді. Бұл ЖОО-да ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қытай тілін үйренген.

«ҚХР төрағасының сапары аясында бізде Бейжің Тіл және мәдениет университетінің филиалы ашылады. Бұл –Қытайдың лингвистикалық, аударма және педагогикалық жетекші университеті. Оны «Қытайдағы БҰҰ» деп те атайды. Бұл университеттің бас түлегі – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы. ҚР Президенті сол жерде қытай тілін үйренген. Ресми ашылу шілде айының басында болады және мұнда алғашқы HSK сертификаттау орталығы ашылады. Бұл – TOEFL немесе IELTS сияқты қытайлық сертификат. Сондықтан қытай тілін үйренетіндерге ешқайда барудың қажеті жоқ, Астанада сынақ тапсыра алады», - деді ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.

Айта кетейік, жаңа университет филиалы ЭКСПО аумағында орналасқан.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото