3 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Қызметкерлер Бейжіңнің Чанъань даңғылындағы Дундань мен Сидань қиылысында гүлзарлар орнатты. Гүлзар 2024 жылғы Қытай-Африка ынтымақтастық форумының алдағы саммитін қарсы алуға арналған, гүл материалдарын таңдау және дизайн тұрғысынан Қытай-Африкаға достығын бейнелеуге басты назар аударылған.
2 қыркүйек онлайн «Халық Газеті» -- 2 қыркүйек күні таңертең ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Бейжіңдегі Халық құрылтайы сарайында Қытайға 2024 жылғы Қытай-Африка ынтымақтастығы форумының саммитіне қатысуға келген Конго Демократиялық Республикасының Президенті Феликс Чисекедимен кездесті. Синьхуа Ақпарат Агенттігінің суреті.
2 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин дүйсенбіде 2024 жылғы Қытай-Африка ынтымақтастығы форумының саммитіне қатысатын шетелдік көшбасшылармен екіжақты іс-шараларды өткізе бастады. Саммит Бейжіңде 4-6 қыркүйек аралығында өтеді деп жоспарланған.
30 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- 28 тамызда Гуйчжоу өлкесінің Гуйян қаласында 2024 жылғы Қытайдың халықаралық үлкен деректер индустриясы көрмесі басталды. Биылғы көрмеге барлығы 414 танымал отандық және шетелдік кәсіпорындар (мекемелер) қатысып, озық цифрлық технологияларды, шешімдерді және инновациялық қолданбаларды көрсетті.
30 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- «Қытай-Африка елдері «Бір белдеу, бір жолды» бірлесіп салудың даму есебі» 2024 жылғы нұсқасының көк түсті кітабындағы мәліметтерге сәйкес, Қытайлық компаниялар Африка елдерінде 10 000 шақырымнан астам теміржолды, 100 000 шақырымға жуық автомобиль жолын, 1000-ға жуық көпірді, 100-ге жуық портты, 66 000 шақырымдық электр беру және трансформациялау желісін және 150 000 шақырымдық магистральдық байланыс желісін салуға және жаңартуға қатысты.
30 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- «Қытай-Африка елдері «Бір белдеу, бір жолды» бірлесіп салудың даму есебі» 2024 жылғы нұсқасының көк түсті кітабы ресми түрде жарық көрді. Есепте қазіргі уақытта Африканың 52 елі мен Африка одағы «Бір белдеу, бір жолды» бірлесіп құру мақсатында елімізбен ынтымақтастық туралы өзара түсіністік меморандумына қол қойған.