Си Цзиньпин 2024 жылы Қытай-Африка ынтымақтастық форумының саммитіне қатысатын шетелдік көшбасшылармен екіжақты іс-шаралар өткізді

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 2 қыркүйек

2 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин дүйсенбіде 2024 жылғы Қытай-Африка ынтымақтастығы форумының саммитіне қатысатын шетелдік көшбасшылармен екіжақты іс-шараларды өткізе бастады.

Саммит Бейжіңде 4-6 қыркүйек аралығында өтеді деп жоспарланған. Бұл Қытай-Африка ынтымақтастық форумының 2006 жылғы Бейжің саммитінен, 2015 жылғы Йоханнесбург саммитінен және 2018 жылғы Бейжің саммитінен кейінгі Қытай-Африка достық отбасының тағы бір кездесуі. Бұл сонымен қатар Қытайдың соңғы жылдардағы ұйымдастырған көлемі ең үлкен, шетелдік көшбасшылар ең көп қатысқан дипломатиялық іс-шарасы.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото