人民网首页Бас бет

Жаңалықтар

Перудің Лима көшелерінде АТЭС атмосферасы ерекше сезіледі

13 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Жергілікті уақыт бойынша 10 қарашада Перудің астанасы Лимада Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы (АТЭС) көшбасшыларының кездесу апталығы басталды. Кездесуге Азия-Тынық мұхиты аймағындағы 21 экономикалық тұлға үкімет басшылары мен жоғары лауазымды тұлғалары, жеке кәсіпорындардың өкілдері, сарапшылар, ғалымдар мен БАҚ өкілдері қатысады.

Оңтүстік Американың «Бақша қаласы» Лима

12 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Лима - Перудің астанасы және ең үлкен қаласы, елдің саяси, экономикалық және мәдени орталығы. Лимада климат жыл бойы жайлы.

Чанкайдан Шанхайға дейін

12 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Осы аптада Перудің астанасы Лимада Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы ұйымының (APEC) 31-інші бейресми көшбасшылар жиналысы өтеді. Осы кезеңде Қытай кәсіпорны басқаратын және инвестициялаған Чанкай портының операциялық ашылу салтанаты өтеді.

Қытайды түсіну / Ду Пэн мен Гарсияның диалогы: Халқы көп Қытай модернизацияға қалай қол жеткізе алады?

8 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- «Қытайды түсінудің кілті - Қытай үлгісіндегі модернизацияны түсіну». Онлайн «Халық газеті» «Қытайды түсіну» бағдарламасын жариялады.

Төраға Си Цзиньпин АТЭС басшыларының бейресми кездесуіне және G20 саммитіне қатысып, Перу мен Бразилияға мемлекеттік сапар жасайды

8 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Сыртқы істер министрлігінің өкілі Хуа Чуньиннің 8 қарашадағы жариялауынша: Перу Республикасының Президенті Дина Болуартеның арнайы шақыруымен Төраға Си Цзиньпин 13-17 қараша аралығында АТЭС басшыларының 31-інші бейресми кездесуіне қатысу үшін Лимаға барады және Перуде мемлекеттік сапарда болады. Бразилия Федеративтік Республикасының Президенті Лула да Силваның шақыруымен Төраға Си Цзиньпин 17-21 қараша аралығында Рио-де-Жанейроға G20 басшыларының 19-ыншы саммитіне қатысады және Бразилияда мемлекеттік сапарда болады.

Си Цзиньпин Малайзия Премьер-министрі Анвар Ибрагиммен кездесті

8 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- 7 қарашада түстен кейін ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Бейжіңдегі Халық құрылтайы сарайында Қытайға сапармен келген Малайзия Премьер-министрі Анвар Ибрагиммен кездесті. Синьхуа Ақпарат Агенттігінің суреті.

Си Цзиньпин Дональд Трампты АҚШ Президенті болып сайлануымен құттықтады

7 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- 7 қарашада ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Дональд Трампқа телефон соғып, Америка Құрама Штаттарының Президенттігіне сайлануымен құттықтады. Си Цзиньпин екі тарап - өзара сыйластық, бейбіт қатар өмір сүру және өзара тиімді ынтымақтастық принциптерін қолдайды, диалог пен коммуникацияны нығайтады, келіспеушіліктерді дұрыс бақылайды, өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтеді және екі ел мен бүкіл әлемнің игілігі үшін Қытай-АҚШ қатынастарының жаңа кезеңін ашады деп үміттенетінін атап өтті.

Д.Трамптың АҚШ Президенті болып сайлануымен Қытай Сыртқы істер министрлігі құттықтады

7 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- 6 қараша күні Қытай Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы АҚШ-тағы президенттік сайлаудың нәтижелеріне байланысты: Қытай Америка халқының таңдауын құрметтейді және Дональд Трамп мырзаны Президент болып сайлануымен құттықтайды деді.

Си Цзиньпин: Мықты заманауи десанттық күштерді құру керек

6 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай Коммунистік Партиясы Орталық Комитетінің Бас хатшысы, Мемлекет төрағасы, Орталық Әскери Комитет төрағасы Си Цзиньпин 4 қарашада десанттық әскери орынға қызметтік тексеріспен барды. Төраға әуе-десанттық әскерлер еліміздің қарулы күштерінің әскери қуат жүйесі мен жауынгерлік жүйесінде ерекше маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Алдыңғы бет1 2 3