Төраға Си Цзиньпин АТЭС басшыларының бейресми кездесуіне және G20 саммитіне қатысып, Перу мен Бразилияға мемлекеттік сапар жасайды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 8 қараша

8 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Сыртқы істер министрлігінің өкілі Хуа Чуньиннің 8 қарашадағы жариялауынша: Перу Республикасының Президенті Дина Болуартеның арнайы шақыруымен Төраға Си Цзиньпин 13-17 қараша аралығында АТЭС басшыларының 31-інші бейресми кездесуіне қатысу үшін Лимаға барады және Перуде мемлекеттік сапарда болады.

Бразилия Федеративтік Республикасының Президенті Лула да Силваның шақыруымен Төраға Си Цзиньпин 17-21 қараша аралығында Рио-де-Жанейроға G20 басшыларының 19-ыншы саммитіне қатысады және Бразилияда мемлекеттік сапарда болады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото