人民网首页

Жаңалықтар

Қытайға визасыз кірген шетелдіктердің саны 2024 жылы екі есеге артты

3 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Ұлттық статистика бюросы 28 ақпан күні жариялаған 2024 жылғы Ұлттық экономикалық және әлеуметтік даму статистикасы бюллетенінде 2024 жылы елге визасыз кірген шетелдіктердің саны 20,12 миллион болып, 112,3% өскен.

Қытай Халықтық саяси консультативтік кеңесі XIV Ұлттық комитетінің үшінші сессиясы 4 наурызда өтеді

3 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 1 наурызда өткен Қытай Халықтық саяси консультативтік кеңесі XIV Ұлттық комитетінің тұрақты комитетінің оныншы отырысының шешімімен, Қытай Халықтық саяси консультативтік кеңесі XIV Ұлттық комитетінің үшінші сессиясы 2025 жылдың 4 наурызында Бейжіңде өтетіні белгілі болды. Отырысқа ұсынылған негізгі күн тәртібі: Қытай Халықтық саяси консультативтік кеңесі Ұлттық комитетінің тұрақты комитетінің жұмыс есебін, Қытай Халықтық саяси консультативтік кеңесі XIV Ұлттық комитетінің екінші сессиясынан бергі ұсыныс жұмыстарының жағдайы туралы есепті тыңдау және қарау; Мемлекетік XIV Халық құрылтайының үшінші сессиясына қатысу, үкіметтің жұмыс есебін және басқа да тиісті есептерді тыңдау және талқылау.

Си Цзиньпин ҚКП ОК Саяси Бюросының отырысына төрағалық етіп, үкіметтің жұмыс есебін талқылады

28 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай Коммунистік Партиясы Орталық Комитетінің Саяси Бюросы 28 ақпанда жиналыс ашты. Отырыста Мемлекеттік Кеңес XIV Халық Құрылтайының үшінші сессиясында қарауға ұсынатын «Үкімет жұмысы туралы есеп» құжаты талқыланды.

Шетелден қаржыландырылатын 13 кәсіпорын қосылған құны бар телекоммуникациялық қызметтерді пилоттық пайдалануға мақұлданды

28 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- Тілші 28 ақпанда Индустрия және ақпараттық технологиялар министрлігінен алған ақпаратқа сәйкес, Индустрия және ақпараттық технологиялар министрлігі жақында Бейжің, Шанхай, Хайнань, Шэньчжэнь сияқты төрт жердегі шетелден қаржыландырылатын 13 кәсіпорынға қосылған құны бар телекоммуникациялық қызметтерді пилоттық пайдалануға рұқсат берілген. Рұқсаттың мазмұнына сәйкес, тиісті кәсіпорындар интернетке қосылу және ақпараттық қызметтер сияқты қосылған құны бар телекоммуникациялық қызметтерді жүзеге асыра алады.

Алдыңғы бет7 8 9 10 11 Келесі бет