5 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 4 наурызда Мемлекеттік XIV Халық құрылтайының үшінші сессиясының баспасөз мәслихаты Халық құрылтайы сарайында өтті. Жиналыстың баспасөз хатшысы Лоу Циньцзянь қытайлық және шетелдік журналистердің сессияның күн тәртібі мен Мемлекеттік Халық құрылтайының жұмысына қатысты сұрақтарына жауап берді.
4 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Бүгін Мемлекеттік XIV Халық құрылтайының үшінші сессиясының баспасөз мәслихаты Халық құрылтайы сарайында өтті. Құрылтайдың баспасөз хатшысы Лоу Циньцзянь журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, Қытайдың ұлттық қорғаныс шығындары 2016 жылдан бері 9 жыл қатарынан бір таңбалы өсуді сақтап келе жатқанын және ЖІӨ-дегі ұлттық қорғаныс шығындарының үлесі көптеген жылдар бойы 1,5% ішінде екенін атап өтті.
4 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай Халықтық саяси консультативтік кеңесінің XIV Ұлттық комитетінің үшінші сессиясы 4 наурыз күні түстен кейін Халық құрылтайы сарайында ашылды. Оған Си Цзиньпин және басқа да партия мен мемлекет басшылары қатысты.
4 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай Халықтық саяси консультативтік кеңесінің XIV Ұлттық комитетінің үшінші сессиясына арналған баспасөз жиналысы өтті. Баспасөз хатшысы Лю Цзеи «Халық Газетінің» тілшісінің сұрағына берген жауабында жаңа сапалы өндіргіш күшті дамыту Си Цзиньпин жолдасты ұйытқы еткен Қытай Коммунистік Партиясының Орталық Комитеті дәуірдің жалпы тенденциясын терең аңғарып, Қытай үлгісіндегі модернизация құрылысын одан әрі ілгерілетуді көзде ұстай отырып қабылдаған негізгі стратегиялық шешімі екенін айтты.