19 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Биылдан бастап Орталық Азиядан келетін туристік тапсырыстар өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 106%-ға өсті, оның ішінде өзбекстандық туристер саны 164%-ға өсті. Танымал бағыттар тізімінде Үрімжі, Чэнду, Сиань және басқа қалалар Бейжің, Гуанчжоу және Ханчжоудан кейін Қытайға Орталық Азия туристерінің негізгі бағыттарына айналды.
19 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- 17 маусымда Қытай-Орталық Азияның екінші саммитінде Қытай-Орталық Азия кедейлікті азайту жөніндегі ынтымақтастық орталығы, Білім алмасу туралы ынтымақтастық орталығы, Шөлейттенуді бақылау жөніндегі ынтымақтастық орталығы, Кедергісіз сауда ынтымақтастығы платформасы құрылатыны жарияланды. Олардың ішінде Қытай-Орталық Азия кедергісіз сауда ынтымақтастық платформасы Нанкинге орналасты.
18 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Жергілікті уақыт бойынша маусымның 18-і күні таңертең Қытай Төрағасы Си Цзиньпин Қытай-Орталық Азия екінші саммитіне қатысуын аяқтап, Бейжіңге оралды.
18 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай Бас Кеден басқармасының 15 маусымда жариялаған мәліметтері бойынша еліміздің Орталық Азияның бес еліне импорты мен экспорты 2013 жылы 312 миллиард 400 миллион юань болса, 2024 жылы 674 миллиард 150 миллион юаньға дейін ұлғайды. Яғни көрсеткіш 116 пайызға өскен.
18 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- 17 маусымда Астанада екінші Қытай-Орталық Азия саммиті өтті. Саммитке ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин қатысып, сөз сөйледі.
17 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Қхр Төрағасы Си Цзиньпин мен Орталық Азияның бес елінің мемлекет басшылары Қытай-Орталық Азия ынтымақтастығының үш орталығы мен «кедергісіз сауда ынтымақтастығы платформасының» ашылуына куә болды.
17 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Қхр Төрағасы Си Цзиньпин мен Орталық Азияның бес елінің мемлекет басшылары бірлесіп мәңгілік тату көршілік, достық және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
17 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай мен Орталық Азия елдері «өзара құрметтеу, өзара сенім орнату, өзара пайда жеткізу, өзара көмектесу аясында жоғары сапалы даму арқылы ортақ модернизацияны ілгерілету» сынды «Қытай-Орталық Азия рухын» зерттеп, қалыптастырды. Бұл туралы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин 17 маусымда Астанада өткен Қытай-Орталық Азия саммитінде сөйлеген сөзінде атап өтті.