人民网首页Бас бет

Видео

«Кеттік! Өзара визадан босату Қытай мен Орталық Азия туризмінің танымалдығына қолдау болды»

17 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- 2023 жылы 10 қараша күні «Қытай Халық Республикасының үкіметі мен Қазақстан Республикасының үкіметі арасындағы өзара визадан босату туралы келісім» ресми түрде күшіне енді. 2025 жыл - Қазақстандағы Қытай туризм жылы.

Орталық Азия жастары ханьфу киуді сәнге айналдырды

16 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Қазақстанның елордасы Астана қаласындағы Еуразия ұлттық университетінің Конфуций институты 18 жылдан бері Қытай мәдениетін таратып, жергілікті халық үшін қытай тілін үйрену мен қытай мәдениетін түсінудің маңызды платформасына айналды. Мұнда қазір ханьфу(қытай дәстүрлі киімдері)сән үлгісі көрсетілімі өтіп жатыр.

Қытай автомобильдері Орталық Азияда танымал болды

16 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Қазақстанның елордасы Астана қаласында қытайлық көліктер жергілікті тұрғындар арасында танымал болды. «Қытай-Орталық Азияның бес елі Экономикалық және сауда ведомстволары арасындағы экономикалық және сауда ынтымақтастығын нығайту бойынша өзара түсіністік меморандумын» бірінші Қытай-Орталық Азия саммитінің жетістіктер тізіміне енгізген еді.

«Сәлем, досым!» -- Қытай мен Орталық Азиялық балалар достық туралы әңгімелесті

16 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Домбыраның шанағынан күй төгіліп, осы күмбірлеген күй үніне тербеле отырып, Қытай мен Орталық Азияның балалары бірге ойнап, әңгімелесті. Әр елден келген жеткіншектердің риясыз күлкісі ортақ тілге айналып, бір-бірін кедергісіз ұғынып жатыр.

Қытай-Орталық Азия ынтымақтастығына жастық жалынымызды арнаймыз

16 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- 2023 жылдың мамыр айында ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Қытай Мұнай университетінің (Бейжің) Орталық Азия студенттеріне жауап хат жолдап, оларды Қытайдың Орталық Азия елдерімен қарым-қатынасын дамытуға көбірек үлес қосуға шақырды. Си Цзиньпин Қытай мен Орталық Азия елдерінің достық қарым-қатынасын ерік-жігері бекем жастар ұрпақтар бойы алға жылжытуы керек екенін атап өтті.

«Қытай логистикасы Орталық Азия нарығына кездескенде - мен Астанада жедел жолдамаларды тараттым»

15 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- «Бір белдеу, бір жол» бастамасының тереңдеп, жүзеге асуына ілесе Қытай мен Орталық Азия елдері арасындағы трансшекаралық электронды коммерция ынтымақтастығы өркендеп, Қазақстанның көптеген тұрғыны Қытай тауарларын электронды коммерция және басқа платформалар арқылы сатып алатын болды. Жақында онлайн «Халық Газеті» тілшісі Қытайдың жергілікті жедел жолдама жеткізу компаниясының жеткізу көлігімен бірге жүріп, Қытай жедел жолдамаларының Астана қаласындағы жинақтау орталығынан жергілікті тұрғындардың қолына жеткізу барысымен танысып қайтты.

Дәстүрлі Қытай медицинасы - Қытай мен Орталық Азияны байланыстыратын «салауатты көпір»

14 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Соңғы жылдары Қытай мен Қазақстанның түрлі салалардағы ынтымақтастығы қарқынды дамып, Қазақстанда «дәстүрлі Қытай медицинасының қызуы» көтеріліп, «отты банка қою», «ауырмайтын ұзын ине» және «тәтті емдік шай» сияқты образды сөздер жергілікті халық арасында танымал бола түсті.

Қазақстанның Қытайдағы елшісі: Сианьнан Астанаға - Қытай мен Орталық Азия арасындағы ынтымақтастық тереңдеп келеді

14 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай Сыртқы істер министрлігі баспасөз хатшысының хабарлауынша, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың шақыруымен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин 16-18 маусым аралығында Қазақстанның Астана қаласына барып, екінші Қытай-Орталық Азия саммитіне қатысады. Қазақстанның Қытайдағы елшісі Шахрат Нұрышев 2023 жылы Сиань қаласында өткен бірінші Қытай - Орталық Азия саммитінің жемісті нәтижелерге қол жеткізгенін атап өтті.

1