- Барлық ақпарат
Қытай-Орталық Азия ынтымақтастығына жастық жалынымызды арнаймыз
16 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- 2023 жылдың мамыр айында ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Қытай Мұнай университетінің (Бейжің) Орталық Азия студенттеріне жауап хат жолдап, оларды Қытайдың Орталық Азия елдерімен қарым-қатынасын дамытуға көбірек үлес қосуға шақырды. Си Цзиньпин Қытай мен Орталық Азия елдерінің достық қарым-қатынасын ерік-жігері бекем жастар ұрпақтар бойы алға жылжытуы керек екенін атап өтті.
Сол кезеңде Қытай Мұнай университетінде (Бейжің) PhD дәрежесі бойынша білім алып жатқан Түркіменстандық докторант Рохман Төраға Си Цзиньпинге хат жазған Орталық Азия студенттерінің бірі болатын. Қазір ол докторантураны сәтті бітіріп, Қытай Мұнай университетінде (Бейжің) оқытушы болу үшін университетте қалды, енді ол оқытушы мінберінде Қытай және Орталық Азия туралы әңгімелеуді жалғастырады.
Қытай мен Орталық Азияның әртүрлі салалардағы ынтымақтастығы қарқынды дамып келе жатқандықтан, Рохман сияқты жас орталықазиялықтар Қытайға оқуға келіп, достық елшілері және Қытай мен Орталық Азия елдері арасындағы ынтымақтастықтың көпірі болды. Алда екінші Қытай-Орталық Азия саммиті өтеді. Ендеше видеоға назар аударып, Орталық Азияның бес елінен келген шетелдік студенттердің еларалық хикаясын тыңдайық.
people.cn © People's Daily Online