Құтқарылған шыбар итбалықтар теңізге қайта жіберілді

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 11 маусым
Құтқарылған шыбар итбалықтар теңізге қайта жіберілді

11 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- 6 маусымда қызметкерлер батыс Тынық мұхитының шыбар итбалықтарын суға қайта жіберді.

Сол күні Ляонин өлкесінің Далянь қаласындағы су айдынында құтқарылған бес батыс Тынық мұхиты шыбар итбалықтарының балалары мен төрт ересек батыс Тынық мұхиты итбалықтары теңізге қайта жіберілді.

Ұлттық бірінші деңгейде қорғалатын жабайы хайуанат ретінде батыс Тынық мұхитының шыбар итбалығы - еліміздің суларында көбейе алатын бірден-бір аяқты теңіз сүтқоректі жануары. Құтқарылған шыбар итбалықтар теңізге жіберілмес бұрын, зерттеушілер оларға жүйелі түрде құтқару және бағып-баптау, жабайы табиғатқа үйрету және денсаулығын бағалау жұмыстарын жүргізді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото