- Барлық ақпарат
Шетелдік достар Саньяда айдаһар қайықпен жарысты
31 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- 31 мамыр, ай күнтізбесінің 5 мамыр күні - айдаһар қайық фестивалі, яғни Қытайдың дәстүрлі Дуань-у мерекесі. Сол күні таңертең бірқатар шетелдік достар Хайнань өлкесінің Санья қаласында өткен 2025 жылғы Санья айдаһар қайық ашық чемпионатында бақ сынады.
Франциядан келген HelloSanya айдаһар қайық командасы оннан астам елдің ойыншыларынан тұрады. Команда мүшелерінің көпшілігі Саньяда әр салада халықаралық коммуникациялық жұмыстармен айналысады.
Сондай-ақ, сол күні жарысқа халықаралық команда-Еуропа, Африка және Азия құрамалары қатысты. Олардың кейбіреулері Саньяда шетелдік мұғалімдер, кейбіреулері әлеуметтік желілерде блогерлер болып істесе, ал бірқатары Саньяда шетелдік студенттер ретінде білім алады.
Жарыс алдында Санья айдаһар қайық ашық чемпионатын ұйымдастыру комитеті шетелдік ойыншыларға арналған айдаһар қайық мәдениетімен танысу дәрісін дайындады. Теориялық түсініктемелер мен іс-қимыл көрсетілімдері арқылы халықаралық ойыншылар айдаһар қайық мәдениетінің ерекшелігін сезінді.
people.cn © People's Daily Online