- Барлық ақпарат
Жыныс орман Юньнань сабалақ маймылдарының жайлы мекені болды
23 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Маймылдар шыршаның бұтақтарында ұйықтап, қарағай шекілдеуіктеріне тойып, кейде еркелей камераға қарап қояды... Халықаралық биологиялық әртүрлілік күніне орай Юньнань Юньлун Тяньчи ұлттық табиғи қорығының қызметкерлері ну орманда емін-еркін тіршілік етіп жүрген сабалақ маймылдардың фотосын түсірді. Қазіргі уақытта қорғалатын аумақтағы Юньнань сабалақ маймылдарының популяциясы 2005 жылы байқалған 90-ға жуықтан 200-ден астамға дейін өсті.
Хабарламаларға сәйкес, қорық солтүстік және оңтүстік аумақтары арасында шырша, Хуашань қарағайы және самырсын сияқты Юньнань сабалақ маймылдары мекендегенді ұнататын 8 988 му ағаш түрлерін отырғызды. Бұнда жалпы саны 1 миллион өсімдік жайқалып, сабалақ маймылдардың солтүстік және оңтүстік аудандар арасында еркін «қарым-қатынас» жасап, тіршілік етуіне тамаша шарт-жағдай жаратты.
people.cn © People's Daily Online