4 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Мемлекеттік XIV Халық құрылтайының төртінші сессиясының баспасөз хатшысы Лоу Циньцзянь Қытай тарапының тұрақты ұстанымын айтып, әлемдегі екі үлкен держава ретінде Қытай мен АҚШ бір-бірін құрметтеуі, бейбіт қатар өмір сүруі және ынтымақтаса ортақ ұтысқа жетуі керек деді. Қытай АҚШ тарапымен бірлесіп, әр деңгейдегі және әр арнадағы байланыстарды күшейтіп, екіжақты ынтымақтастық үшін кеңірек кеңістік ашуға дайын.
4 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 4 наурызда сағат 12:00-де Мемлекеттік XIV Халық құрылтайының төртінші сессиясы Халық құрылтайы сарайының баспасөз орталығында баспасөз мәслихатын өткізді. Жиналыстың баспасөз хатшысы Лоу Циньцзянь биыл Қытай ішкі сұранысты кеңейтудің стратегиялық бағытын ұстанып, тұтынуды ынталандыруға күш жұмсап, қуатты ішкі нарық құрылысын дамытатынын айтты.
3 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай Ұлттық энергетика басқармасы жариялаған мәліметтерге сәйкес, 2025 жылдың соңына қарай Қытайдағы жаңартылатын энергияның жалпы қуаты 2,34 миллиард киловаттқа жетті. «14-інші бесжылдық» кезеңінде Қытай әлемдегі ең ірі және дамуы ең жылдам жаңартылатын энергия жүйесін құрып, жаңартылатын энергия үлесі 40 пайыздан шамамен 60 пайызға дейін өсті.
2 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Мемлекеттік XIV Халық Құрылтайының төртінші сессиясы 2026 жылдың 4 наурызында Халық құрылтайы сарайында баспасөз мәслихатын өткізеді. Онда құрылтайдың баспасөз хатшысы мәслихаттың күн тәртібі мен Мемлекеттік Халық құрылтайының жұмысына қатысты мәселелер бойынша еліміздің және шетелдік тілшілердің сұрақтарына жауап береді.