4 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай Халықтық саяси консультативтік кеңесі XIV Ұлттық комитетінің төртінші сессиясының баспасөз мәслихаты 3 наурыз күні сағат 15:00-де Халық құрылтайы сарайында өтті. Сессияның ақпарат хатшысы Лю Цзеи отандық және шетелдік БАҚ өкілдеріне сессияға байланысты жағдайлар туралы ақпарат беріп, тілшілердің сұрақтарына жауап берді.
4 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Мемлекеттік XIV Халық Құрылтайы төртінші сессиясының баспасөз хатшысы Лоу Циньцзянь Қытай-Жапония қатынастарына қатысты мәселеге жауап бере отырып, Тайвань мәселесі Қытайдың ішкі ісі, Қытайдың негізгі мүдделерінің өзегі екенін жеткізді. Жапония басшысының Тайваньға қатысты жаңсақ пікірлеріне Қытай тарапы ерекше қарсылық білдіреді.
4 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Мемлекеттік XIV Халық құрылтайының төртінші сессиясының баспасөз хатшысы Лоу Циньцзянь Қытай мен Еуропа арасында түбегейлі мүдделер қайшылығы мен геосаяси тартыс жоқ екенін айтты. Қытай тарапы Еуропа тарапымен бірлесіп, серіктестік қатынастарының негізгі бағытын ұстанып, экономикалық-сауда келіспеушіліктерін тиісті түрде шешіп, одан да көп ынтымақтастық күн тәртібін құрып, бірлесе отырып жаһандық сипаттағы сын-қатерлерге қарсы тұруға ниетті.
4 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Мемлекеттік XIV Халық құрылтайының төртінші сессиясының баспасөз хатшысы Лоу Циньцзянь ғылым мен техниканың инновациясы мен дамуының кілті негізгі технологиялардың өзіндік бақылануында екенін айтты. «15-інші бесжылдық» кезеңінде бастапқы инновациялар мен негізгі технологиялардағы өзекті міндеттерді шешуге күш салынады, ғылыми-технологиялық инновациялар мен өнеркәсіптік инновациялардың терең интеграциясын жеделдетіп, басым салалардағы негізгі технологиялар бойынша міндеттерді шешудің толық тізбегінде шешуші серпіліске қол жеткізіледі.