人民网首页Бас бет

Жаңалықтар

Си Цзиньпин Цзянсу делегациясының кеңесіне қатысты

6 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 5 наурыз күні түстен кейін Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы, Мемлекет төрағасы, Орталық Әскери комитет төрағасы Си Цзиньпин Мемлекеттік XIV Халық құрылтайының төртінші сессиясы аясында өзі тұрған Цзянсу делегациясының кеңесіне қатысты. Фото: Синьхуа.

Үкімет жұмысы туралы баяндаманың қысқаша мазмұны

Сурет Синьхуа агенттігінен алынды 5 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 5 наурызда ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьер-министрі Ли Цян Мемлекеттік XIV Халық құрылтайының төртінші сессиясында үкімет жұмысы туралы баяндама жасады, оның негізгі мазмұны төмендегідей: 1. 2025 жылғы жұмысқа шолу Жалпы ішкі өнім 5%-ға өсті; Қалаларда 12,67 миллион жаңа жұмыс орны құрылды; Астық өнімділігі 1,43 триллион цзинге (715 миллион тонна) жетті; Жаңа энергетикалық автокөліктердің жылдық өндірісі 16 миллион данадан асты; Өткен 5 жылда («14-інші бесжылдық») Жалпы ішкі өнімнің орташа жылдық өсімі 5,4% болды; Өңдеу өнеркәсібінің қосылған құны 16 жыл қатарынан әлемде бірінші орынды сақтап келеді; Тұрғындардың жан басына шаққандағы қолда бар табысының орташа жылдық өсімі 5,4% болды; Қала-қалашықтарда жиынтығы 60 миллионнан астам жаңа жұмыс орны құрылды.

Әлем Қытайдың «екі сессиясынан» дамудың тұрақтылығын іздейді

5 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 5 наурыз күні Халық Газетінде жарияланған «Әлем Қытайдың екі сессиясынан дамудың тұрақтылығын іздейді» атты мақалада күрделі халықаралық ортада Қытай экономикасы инновациялар мен жетілдіруге қарай бет алып, күшті төзімділік көрсетіп келе жатқаны атап өтілді. Қытай әрқашан аумалы-төкпелі әлемдегі ең тұрақты, ең сенімді және ең белсенді күш.

Мемлекеттік XIV Халық құрылтайының төртінші сессиясы ашылды

5 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Мемлекеттік XIV Халық құрылтайының төртінші сессиясы 5 наурыз күні таңертең Бейжіңдегі Халық құрылтайы сарайында ашылды. Си Цзиньпин және басқа да ҚКП мен мемлекет басшылары сессияға қатысты.

Алдыңғы бет6 7 8 9 10 11 Келесі бет