Әлем Қытайдың «екі сессиясынан» дамудың тұрақтылығын іздейді

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 5 наурыз

5 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 5 наурыз күні Халық Газетінде жарияланған «Әлем Қытайдың екі сессиясынан дамудың тұрақтылығын іздейді» атты мақалада күрделі халықаралық ортада Қытай экономикасы инновациялар мен жетілдіруге қарай бет алып, күшті төзімділік көрсетіп келе жатқаны атап өтілді. Қытай әрқашан аумалы-төкпелі әлемдегі ең тұрақты, ең сенімді және ең белсенді күш.

Мақалада «15-інші бесжылдық» жоспар халықаралық БАҚ-тың биылғы Мемлекеттік XIV Халық құрылтайының төртінші сессиясы мен Қытай Халықтық саяси консультативтік кеңесі XIV Ұлттық комитетінің төртінші сессиясындағы(екі сессия)назар аударған өзекті тақырыбы. Заманауи өнеркәсіптік жүйе құрылысының үздіксіз дамуынан бастап, заманауи инфрақұрылым жүйесін жеделдетіп жетілдіруге дейін, технологиялық инновацияларға назар аударудан бастап жасыл және төмен көміртекті трансформацияны одан әрі жеделдетуге дейін Қытайдың «15-інші бесжылдық» жоспар ұсыныстары ұзақ мерзімді стратегиялық жоспарды көрсетеді, әртараптың Қытайдың даму болашағына сенімін арттырады және болжамды нарықтық кеңістік пен даму табыстарын қамтамасыз етеді.

Мақалада жыл сайын Қытайдың екі сессиясы кезінде Қытай экономикасының келесі қадамдары әрқашан әр тараптың шоғырлы түсіндірген түйіні екені атап өтілген. Біраз уақыттан бері бірнеше халықаралық институттар Қытайдың биылғы экономикалық өсуіне қатысты болжамдарын көтерді, бұл халықаралық қауымдастықтың Қытай экономикасының тұрақты өсуіне деген сенімін көрсетеді.

Мақалада Қытай экономикасы тұрақтылық пен өсімді сақтап қана қоймай, сонымен қатар әлемдік экономикамен терең байланысып, әлемдегі барлық тараптармен мүмкіндіктерді бөлісіп келе жатқаны көрсетілген. Жоғары сапалы даму мақсаттарына қарай табанды түрде қадам басқан Қытай әрдайым әр тараптың сенімді және сүйенуге болатын серіктесі болып қала береді. Қытай аумалы-төкпелі әлемге ең құнды және сирек кездесетін тұрақтылықты үздіксіз сыйлап отырады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото