8 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай Сыртқы істер министрі Ван И бүгін Мемлекеттік XIV Халық құрылтайының төртінші сессиясының сыртқы істер бойынша өткен баспасөз мәслихатында Қытай мен Ресей қарым-қатынасы күрделі және тұрақсыз халықаралық жағдайға тап болғанда да қиындықтарға қарамастан тұрақтылықты сақтап келе жатқанын мәлімдеді. Стратегиялық тұрғыдан алғанда, Қытай мен Ресей тәуелсіз және өзін-өзі қамтамасыз етеді, әрқашан бір-бірінің негізгі мүдделерін құрметтейді, өз еркін бір-біріне таңудан аулақ және одақтаспау, қақтығыспау және үшінші тараптарды нысанаға алмау қағидаттарын ұстанады.
8 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Мемлекеттік XIV Халық құрылтайының төртінші сессиясының сыртқы істер бойынша өткен баспасөз мәслихатында Қытай Сыртқы істер министрі Ван И Ирандағы жағдай қазіргі уақытта халықаралық істердің өзегі болып тұрғанын айтты. Қытай объективті және әділ көзқарасты сақтай отырып, өзінің принциптік ұстанымын бірнеше рет түсіндірді.
8 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 7 наурыз күні түстен кейін Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы, Мемлекет төрағасы, Орталық Әскери комитет төрағасы Си Цзиньпин Мемлекеттік XIV Халық құрылтайының төртінші сессиясына келген Қытай Халық азаттық армиясы мен Қытай Халық Қарулы полиция күштері делегациясының жалпы отырысына қатысып, маңызды сөз сөйледі. Фото: Синьхуа.
8 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай Сыртқы істер министрі Ван И Мемлекеттік XIV Халық құрылтайының төртінші сессиясында Тайвань мәселесі Қытайдың ішкі ісі және Қытайдың негізгі мүдделерінің өзегі екенін мәлімдеді. Бұл қызыл сызықты кесіп өтуге немесе оны басуға болмайды.