人民网首页Бас бет

Жаңалықтар

Кеден бас басқармасы: Жылдың алғашқы 2 айында Қытайдың тауар айналымы 18,3 пайызға өсті

10 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Кеден бас басқармасының статистикасына сәйкес, 2026 жылдың алғашқы екі айында Қытайдың сыртқы сауда тауар айналымының жалпы көлемі 7,73 триллион юаньға жетіп, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 18,3 пайызға өсті. Оның ішінде экспорт көлемі 4,62 триллион юань болып, 19,2 пайызға, импорт көлемі 3,11 триллион юань болып, 17,1 пайызға артты.

Келесі аялдама: 2030 жылғы Қытай!

9 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Алдағы бес жылда еліміз жоғары сапалы дамуда айтарлықтай жетістіктерге жетеді, ғылым мен техникада өз күшіне сүйену деңгейі барынша артады, реформаларды тереңдетуде жаңа серпілістер болады, қоғамдық өркениет деңгейі көтеріледі, халықтың тұрмыс сапасы жақсарады, «Көркем Қытай» құрылысында жаңа маңызды табыстарға қол жеткізіледі, ұлттық қауіпсіздік шебі одан әрі нығаяды. «15-інші бесжылдықтың» берік негізіне сүйене отырып, 2035 жылға қарай еліміздің экономикалық әлеуеті, ғылыми-техникалық әлеуеті, қорғаныс қуаты, жан-жақты ұлттық күш-қуаты және халықаралық ықпалы едәуір артады, жан басына шаққандағы ЖІӨ орташа дамыған елдер деңгейіне жетеді, халықтың тұрмысы бақытты әрі тамаша болады, социалистік жаңғырту негізінен іске асады.

Еліміз трансұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң қабылдайды

9 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 9 наурызда Мемлекеттік Халық құрылтайы тұрақты комитетінің жұмыс есебі Мемлекеттік XIV Халық құрылтайының төртінші сессиясына талқылау үшін ұсынылды. Есепте биыл сот әділдігін ілгерілетуге баса назар аудара отырып, прокуратура органдарының қоғамдық мүдделерге қатысты арыз-шағым заңын қабылдайтыны, сонымен бірге қылмыстық істер арыз-шағым заңына, түрме заңына және теңіз арыз-шағымы арнайы рәсімдер туралы заңға түзетулер енгізілетіні көрсетілген.

ҚХР Ауыл шаруашылығы және ауыл-қыстақ министрі: елімізде негізгі дәнді-дақылдарды өсіру толық механикаландырылды

9 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 9 наурыз күні Мемлекеттік XIV Халық құрылтайының төртінші сессиясы кезінде ҚХР Ауыл шаруашылығы және ауыл-қыстақ министрі Хань Цзюнь БАҚ-қа берген сұқбатында «14-інші бесжылдық» жоспар тұсында еліміздің ауыл шаруашылығы ғылымы мен технологиясы прогресінің үлесі 64%-дан асқанын, жақсартылған сорттарды қамту деңгейі 96%-дан асқанын, ал дақылдарды өсіру, отырғызу және жинауды кешенді механикаландыру деңгейі 76,7%-ға жеткенін, негізгі дәнді-дақылдарды өсіру процесі толық механикаландырылғанын мәлімдеді. Сонымен қатар ауыл шаруашылығының ақылды және цифрлық трансформациясы жеделдеп келеді, ауыл шаруашылығы өндірісіне әртүрлі ақылды жабдықтар қолданылуда.

Алдыңғы бет3 4 5 6 7 8 Келесі бет