Кеден бас басқармасы: Жылдың алғашқы 2 айында Қытайдың тауар айналымы 18,3 пайызға өсті

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 10 наурыз

10 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Кеден бас басқармасының статистикасына сәйкес, 2026 жылдың алғашқы екі айында Қытайдың сыртқы сауда тауар айналымының жалпы көлемі 7,73 триллион юаньға жетіп, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 18,3 пайызға өсті. Оның ішінде экспорт көлемі 4,62 триллион юань болып, 19,2 пайызға, импорт көлемі 3,11 триллион юань болып, 17,1 пайызға артты.

Сурет Синьхуа ақпарат агенттігінен алынды

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото