人民网首页Бас бет

Жаңалықтар

Ван И APEC-тің «Қытай жылы» туралы айтты

8 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай Сыртқы істер министрі Ван И бүгін Мемлекеттік XIV Халық құрылтайының төртінші сессиясының сыртқы істер бойынша өткен баспасөз мәслихатында биылғы жыл APEC-тің «Қытай жылы» екенін, Қытайдың осы іс-шараны үшінші рет өткізуді мойнына алғанын атап өтті. Ван И біз барлық тараппен тығыз байланысқаннан кейін биылғы кездесудің тақырыбын «Азия-Тынық мұхиты қауымдастығын құрып, ортақ гүлденуді ілгерілету» деп бекіткенімізді жеткізді.

Ван И жаһандық басқару бастамалары туралы: 150-ден астам ел мен халықаралық ұйым қолдап, қостады

8 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай Сыртқы істер министрі Ван И бүгін Мемлекеттік XIV Халық құрылтайының төртінші сессиясының сыртқы істер бойынша өткен баспасөз мәслихатында бүгінгі әлем көптеген жаһандық қиындықтарға, айқын басқару тапшылығына және көпжақтылықтың елеулі сын-қатерге тап болып отырғанын айтты. ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің жаһандық басқару бастамалары дәл уақытында ұсынылды және олар қысқа уақыт ішінде 150-ден астам ел мен халықаралық ұйымның қолдап, қостауына ие болды.

Ван И көрші дипломатия туралы: Қытай аймақтық қауіпсіздік пен тұрақтылықтың тірегі

8 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай Сыртқы істер министрі Ван И бүгін Мемлекеттік XIV Халық құрылтайының төртінші сессиясының сыртқы істер бойынша өткен баспасөз мәслихатында Қытай әрдайым аймақтық қауіпсіздік пен тұрақтылықтың тірегі, даму мен өркендеудің қозғаушы күші және Азияның ортақ құндылықтарын жүзеге асырушы ел екенін фактілер дәлелдегенін айтты. Біз мұндай рөл атқарғанымызға қуаныштымыз және болашақта да бұл бағытта одан да көп күш салуға дайынбыз.

Ван И: Қытай мен АҚШ өзара құрметті сақтап, бейбіт қатар өмір сүрудің негізгі қағидаттарына берік болуы керек

8 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай Сыртқы істер министрі Ван И бүгін Мемлекеттік XIV Халық құрылтайының төртінші сессиясының сыртқы істер бойынша өткен баспасөз мәслихатында Қытай мен АҚШ ірі державалар екенін және екеуі де бір-бірін өзгерте алмайтынын, бірақ өзара қарым-қатынас тәсілін өзгерте алатынын мәлімдеді. Бұл өзара құрметті сақтап, бейбіт қатар өмір сүрудің негізгі қағидаларын ұстанып, тең ұтысқа жететін ынтымақтастық болашағына ұмтылу екенін айтты.

Алдыңғы бет4 5 6 7 8 9 Келесі бет