11 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай Халықтық саяси консультативтік кеңесі XIV Ұлттық комитетінің төртінші сессиясы барлық күн тәртібіндегі мәселелерді сәтті аяқтап, 11 наурызда Бейжіңдегі Халық құрылтайы сарайында жабылды.
10 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 2026 жылғы Үкімет жұмысы туралы есепте аталған төмендегі жаңа терминдермен таныссыз ба? Қала мен ауыл тұрғындарының табысын арттыру жоспары: Қала мен ауыл тұрғындарының табысын арттыру жоспарын әзірлеу және енгізу, төмен табысты топтардың табысының өсуін ынталандыру, тұрғындардың мүліктік табысын арттыру және жалақы мен әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін жетілдіру бойынша бірқатар практикалық шараны енгізу. Бастауыш, орта мектептердің көктемгі және күзгі демалыстары: Жағдайы бар аймақтардың бастауыш, орта мектептердің көктемгі және күзгі демалыстарын ынталандыруға қолдау көрсету, қызметшілердің жалақысын кемітпей, кезең-кезеңмен демалысқа бару жүйесін енгізу.
10 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай Кеден статистикасына сәйкес, 2026 жылдың алғашқы екі айында еліміздің механикалық және электрлік жабдықтар өнімі экспорты 2,89 триллион юаньға жетіп, 24,3%-ға өсті. Еңбекті көп қажетсінетін өнімдер 702,67 миллиард юаньды құрап, 15,6%-ға ұлғайды; ал ауыл шаруашылығы өнімдері 120,01 миллиард юаньға жетіп, 9,7%-ға жоғарылады.
10 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Кеден бас басқармасының статистикасына сәйкес, 2026 жылдың алғашқы екі айында Қытай мен АСЕАН елдері арасындағы сауда көлемі 1,24 триллион юаньға жетіп, 20,3 пайызға өскен. Қытай мен Еуропа Одағы арасындағы сауда көлемі 9989,4 миллиард юаньды құрап, 19,9 пайызға артқан.