Еліміздің механикалық және электрлік жабдықтар өнімі экспорты 2026 жылдың алғашқы екі айында 24,3%-ға өсті

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 10 наурыз

10 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай Кеден статистикасына сәйкес, 2026 жылдың алғашқы екі айында еліміздің механикалық және электрлік жабдықтар өнімі экспорты 2,89 триллион юаньға жетіп, 24,3%-ға өсті. Еңбекті көп қажетсінетін өнімдер 702,67 миллиард юаньды құрап, 15,6%-ға ұлғайды; ал ауыл шаруашылығы өнімдері 120,01 миллиард юаньға жетіп, 9,7%-ға жоғарылады.

Импорт жағынан алғанда, алғашқы екі айда еліміз 1,21 триллион юаньға механикалық және электрлік жабдықтар өнімін импорттап, сала көрсеткіші 21,3%-ға өсті; 210 миллион тонна темір кені өнімдері импортталып, бұл 10%-ға жоғарылады; ал 96,934 миллион тонна шикі мұнайдың енгізілуі көрсеткішті 15,8%-ға арттырды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото