- Барлық ақпарат
Үкімет жұмысы туралы есептегі жаңа терминдер

10 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 2026 жылғы Үкімет жұмысы туралы есепте аталған төмендегі жаңа терминдермен таныссыз ба?
Қала мен ауыл тұрғындарының табысын арттыру жоспары: Қала мен ауыл тұрғындарының табысын арттыру жоспарын әзірлеу және енгізу, төмен табысты топтардың табысының өсуін ынталандыру, тұрғындардың мүліктік табысын арттыру және жалақы мен әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін жетілдіру бойынша бірқатар практикалық шараны енгізу.

Бастауыш, орта мектептердің көктемгі және күзгі демалыстары: Жағдайы бар аймақтардың бастауыш, орта мектептердің көктемгі және күзгі демалыстарын ынталандыруға қолдау көрсету, қызметшілердің жалақысын кемітпей, кезең-кезеңмен демалысқа бару жүйесін енгізу.

Болашақ энергиясы: Болашақ энергиясы, кванттық технология, тұлғаланған жасанды интеллект(Embodied AI), ми-компьютер интерфейстері және 6G сияқты болашақ салаларды баптау және дамыту.

Қытай қызметтері: Қызмет көрсету саласы үшін ұлттық стандарттарды жақсарту және «Қытай қызметтері» брендін дамыту.

Интеллектуалды экономиканың жаңа формалары: Аса ауқымды интеллектуалды есептеу кластерлері және есептеу мен электрлік селбестік сияқты жаңа инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру, бүкіл ел бойынша бір тұлғаланған есептеу қуатын бақылау мен теңшеуді күшейту және қоғамдық бұлт қызметтерін дамытуды қолдау. Спутниктік интернетті дамытуды жеделдету. «5G + өнеркәсіптік интернеттің» жаңартылған нұсқасын жасау. Деректер ресурстарын әзірлеуді және пайдалануды тереңдету, деректер элементтерінің негізгі жүйесін жетілдіру және жоғары сапалы деректер жиынтығын құру. Жасанды интеллектті басқаруды жақсарту.

Жергілікті үкіметтің инвестициялар тартуы үшін ынталандырылатын және тыйым салынған істердің тізімі: Бірыңғай ұлттық нарықты құруға арналған ережелерді тұжырымдау. Статистикалық, фискалдық және өнімділікті бағалау жүйелерін жетілдіру. Жергілікті билік органдарының экономикалық ынталандыру қызметін реттеу. Жергілікті билік органдарының инвестиция тарту үшін ынталандырылатын және тыйым салынған істердің тізімін шығару. Салық жеңілдіктері мен қазыналық субсидиялар саясатын стандарттау.

Әлемдік деңгейдегі қала кластерлері: Бейжің-Тяньцзинь-Хэбэй аймағында, Янцзы өзенінің атырауында және Гуандун-Сянган-Аомэнь Үлкен шығанағы аймағында әлемдік деңгейдегі қала кластерлерін дамытуды қолдау.
people.cn © People's Daily Online



