- Барлық ақпарат
Ван И Иранның жағдайы туралы:жұдырықтың күштілігі қағиданың басымдығына тең емес

8 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Мемлекеттік XIV Халық құрылтайының төртінші сессиясының сыртқы істер бойынша өткен баспасөз мәслихатында Қытай Сыртқы істер министрі Ван И Ирандағы жағдай қазіргі уақытта халықаралық істердің өзегі болып тұрғанын айтты. Қытай объективті және әділ көзқарасты сақтай отырып, өзінің принциптік ұстанымын бірнеше рет түсіндірді. Бір ауыз сөзбен қортындыласақ, ол — атыс пен соғысты тоқтату. Соғыс отына оранған Орта Шығыстағы жағдай болмауы керек және ол ешбір тарапқа пайда әкелмейтін соғыс. Қытай жағдайдың одан әрі ушығып, қақтығыстың таралуына жол бермеу үшін әскери әрекеттерді дереу тоқтатуға шақырады.
Иран жағдайы туралы сұраққа жауап бергенде Ван И жұдырықтың күштілігі қағиданың басымдығына тең емес екенін және әлем «джунгли заңына» орала алмайтынын айтты. Күшті жиі қолдану өзінің құдіретті екенін дәлелдемейді, ал бейбіт тұрғындар соғыстың кінәсіз құрбандарына айналмауы керек.
Фото: Синьхуа
people.cn © People's Daily Online



