- Барлық ақпарат
Қытайда биіктігі 500 метрден асатын жаңа құрылысты жүргізуге тыйым салынды
15 шілде, онлайн «Халық Газеті» --Мемлекеттік Дамыту – Реформалау комитеті жуырда ақпарат жариялап, аса биік құрылыстар салу талабын қатаңдататынын жеткізді. Биіктігі 250 метрден асатын құрылыстарды салуға қатаң шектеу қойып, ал 500 метрден асатын құрылыстарды жаңадан салуға болмайтыны ескертілді.
«Мемлекеттік Дамыту – Реформалау комитетінің инфрақұрылымдық құрылыс жобаларын басқару, инженерияның қауіпсіздігі мен сапасына кепілдік ету жөніндегі Ережеде» мынадай мәселелер айқындалған: «Ірі көлемдегі әлеуметтік құрылыстар, биік қабатты және басты аймақтағы құрылыстар қаладағы ірі құрылыс жобалары негізінде басқарылады. Мұнда, биіктігі 100 метрден асатын құрылыстарды салуға керекті бұрыштама, шектен тыс биік қабатты құрылыстардың сілкініс апатынан сақтануға қатысты шаралары бойынша қаралып, қаланың өсу көлемі, жер аумағы, өрттен қорғау саласы талаптарына сай болу керектігі көрсетілді. Биіктігі 250 метрден асатын құрылыстарды салуға қатаң шектеу қойылады, ал салу қажеттігі туындаған жағдайда, өрттен, қауіп-қатерден сақтауға тиісті мәселелер бойынша арнайы талқылау өткізіліп, сараптамалар жасалып, жалпы құрылыстың жобасына жан-жақты тексеру жүргізілу керек. Сонымен бірге, тұрғын үй және қала-ауыл құрылысы министрлігіне жолданып, арнайы тізімге енгізілу қажет; биіктігі 500 метрден асатын құрылыстарды жаңадан салуға болмайды.
2020 жылдың сәуірінде тұрғын үй және қала-ауыл құрылысы министрлігі мен Мемлекеттік Дамыту – Реформалау комитеті, қала мен құрылыс жұмыстарын басқаруды жетілдіру бойынша нұсқаулықтар таратты. Онда қала ішінде «көк тіреген ғимараттарды» жөнсіз жобалауға және салуға қатаң шектеу қойылып, жаңадан салынатын құрылыстардың биіктігін 500 метрден асырмау көрсетілген.
people.cn © People's Daily Online