Қазақстанда мектеп оқушыларының cмартфон, планшет пен плейерлерді пайдалануына шектеу қойылады

()2021 жыл 9 маусым

ҚР Білім және ғылым министрінің бұйрығымен білім беру ұйымдарына кіргізуге тыйым салынған және пайдалануға болмайтын заттардың тізімі бекітілді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Бiлiм және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл тізімге қарудың барлық түрі, оқ-дәрілер, жарылғыш заттар, сондай-ақ тесуге және кесуге арналған заттар кіреді. Білім беру ұйымдарында тыйым салынған заттар мен заттардың тізбесін әзірлеуге біз өткен жылы кірістік. Осы жылдың қаңтар айында "Білім туралы" заң шеңберінде біз осы тізбені әзірлеуге және бекітуге құзырет алдық. Тыйым салынған заттар мен заттардың тізімі ішкі істер, денсаулық сақтау, цифрлық және аэроғарыштық даму министрліктерімен, ҰҚК, Бас прокуратурамен және Жоғарғы Сотпен бірлесіп жасалды", - деді Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

Жаңа норманы енгізу оқушылар үшін қауіпсіз және жайлы орта қалыптастыруға, сондай-ақ құқық бұзушылықтарды уақытылы анықтауға және оның алдын алуға мүмкіндік береді.

Осылайша, мектептерге қару мен оған сыртқы ұқсастығы бар заттарды әкелуге қатаң тыйым салынады. Бұдан бөлек, білім беру ұйымдарында шаншитын, кесетін және өткір заттарды, өнеркәсіптік құралдарды, оқ-дәрілерді, жарылғыш, улы, психоактивті заттарды әкелуге және пайдалануға жол берілмейді.

Сондай-ақ мектеп оқушыларының оқу сабақтары кезінде смартфон, планшет, плейерлерді пайдалануына шектеу енгізіледі. Бұл шектеулер денсаулықты бақылау үшін смартфонды қажет ететін ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қатысты емес. Мәселен, қант диабеті бар оқушыларға қандағы қантты бақылау үшін смартфон қажет болуы мүмкін.

Балалардың тыйым салынған заттарды білім беру ұйымдарына кіргізгені үшін олардың ата-аналары мен заңды өкілдері жауапты болатынын айта кеткен жөн", - деп атап өтті ҚР БҒМ баспасөз қызметінде.

 

(Редактор:Shixi,Deng Jie)

Фото