Карантин: Шетелдік туристер үшін Қазақстанда саяхаттаудың қандай жолы бар

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 17 маусым

Карантин талаптары мен шектеулерге байланысты сырттан келетін туристердің елімізде қалай саяхаттай алатыны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өздеріңіз білетіндей, бүгінде Ashyq жобасы арқылы кинотеатрға, дәмхана мен мейрамханаларға бару мүмкіндігі туды. Ол үшін аталған қосымшаның көмегімен ЖСН теріп және QR кодты сканер жасасаңыз, жетіп жатыр. Дегенмен шетелден келушілер Ashyq жобасын қолдана алмайды, себебі онда шетел азаматтары туралы мәлімет жоқ. Осы орайда сырт елден келген туристер eQonaq ақпараттық жүйесі арқылы Қазақстанда емін-еркін саяхаттай алады. Сол арқылы шетелдік туристердің қай жерде тоқтағанын ғана емес, олардың қай жерлерде саяхаттап жүргені туралы ақпарат ала аламыз. Ал бұл өз кезегінде туризм саласындағы инфрақұрылымды жоспарлау мен жетілдіруде маңызды саналады», - дейді «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Ержан Еркінбаев.

Бұған дейін ұлттық компания басшысы туристерге арналған eQonaq ақпараттық жүйесінің жұмысы туралы айтып берген болатын.

Айта кетейік, бүгін елордада аталған ақпараттық жүйенің таныстырылымы өтті.

Жаңа жоба ішкі туризм саласын дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында әзірленді. 

(Редактор:Shixi,Deng Jie)

Фото