ШҚО-да 4 жарым мыңға жуық дәрігер қызмет етеді

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 21 маусым

Шығыс Қазақстанда медицина қызметкерлері күніне орай ақ халатты абзал жандарға құрмет көрсетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2020 жыл еліміздің денсаулық сақтау саласы үшін үлкен сынақ болды. Пандемия кезінде вируспен күрестің алдыңғы шебінде дәрігерлер жүрді. Бұл сынақ ақ халатты абзал жандардың қоғамдағы орнын айқын көрсетті.

Шығыс Қазақстанда 4,5 мыңға жуық дәрігер, 12 мыңға жуық орта медициналық персонал бар. Олар ауруға шалдыққан әр науқасқа қол ұшын созып келеді.

- Облыстың медицина саласы қарқынды дамуда. Медицина мекемелерінің құрылысына, жоғары технологиялық жабдықтарды жөндеуге және сатып алуға айтарлықтай қаржы бөлінуде. Өңірде бірнеше жылдан бері республикалық және шетелдік клиникаларда денсаулық сақтау мамандарын оқытудың үш деңгейлі бағдарламасы іске асырылып жатыр, - деп хабарлады ШҚО Ақпарат орталығы.

Мереке қарсаңында облыс әкімі Даниал Ахметов Денсаулық сақтау басқармасы мен Өскемендегі Ана мен бала орталығына келіп, медицина қызметкерлерін мерекелерімен құттықтап, құрмет грамоталарын табыс етті.

Жоғары білікті маман, 35 жылдық тәжірибесі бар дәрігер Динара Сәдуақасова медицина қызметін – мамандық емес, өмір салты деп санайды

- Медицина саласында ұзақ жылдар бойы қызмет етіп ой түйдім. Өлім мен өмір арасында арпалысып жатқан науқастың соңғы үміті ол – дәрігерде. Сондықтан біз мойынымызда қандай жауапкершілік тұрғынын білуіміз керек. Бұл дәрігер мамандығын таңдаған кез-келген адамның парызы, – дейді Динара Жамбылқызы. 

(Редактор:Shixi,Deng Jie)

Фото