Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяомен кездесті

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 2 шілде
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қытайдың Қазақстандағы  елшісі Чжан Сяомен кездесті

2 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайдың Қазақстанда тұратын Елшіханасынң жариялаған ақпаратынан ұғысуымызша, 2021 жылдың 1 шілдесінде Қытай Коммунистік партиясының құрылғанына 100 жыл толуына орай Қазақстанның Тұңғыш президенті, «Нur Otаn» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяомен кездесті. Н.Назарбаев Елшіні Қытай Коммунистік партиясының құрылғанына 100 жыл толуымен құттықтады. Тараптар екі партия мен екі ел қарым-қатынасының дамуы жөнінде пікір алмастырды.

Нұрсұлтан Назарбаев елші Чжан Сяоға Бас хатшы Си Цзиньпин мен Қытай Коммунистік партиясына өзінің ең шынайы мерекелік сәлемін жеткізуді тапсырды. «100 жылдан бері қарай Қытай Коммунистік партиясы Қытай халқын ынтымақтастырып, әлемнің назарын аударатын орасан табыстарға қол жеткізді. Соның арқасында елдің экономикасы дүние жүзі бойынша екінші орынға ие болып, ғарыш саласының технологиялық даму деңгейі жоғарылады. Қытайдың даму қарқыны таң қалдырады. Кедейлікпен күрес мәселесінде де Қытай үлкен қадам жасады. Қытай Коммунистік партиясы 8 жыл да 100 миллион бұқараға көмектесіп, кедейліктен арылтты Қытай Коммунистік партиясының бүкіл Қытай халқын алға бастап, нұрлы болашаққа жеткізетініне кәміл сенемін», – деді Н.Назарбаев.

Елші Чжан Сяо алдымен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің ең ізгі тілегі мен ыстық сәлемін жеткізді. Өз кезегінде Елші Елбасыға «1 шілде күні» кездесуге мүмкіндік жасағаны үшін алғысын білдірді. Елші Чжан Сяо Төраға Си Цзиньпиннің Қытай Коммунистік партиясының құрылғанына 100 жыл толуына орай өткізілген мерекелік жиналыста сөйлеген сөзімен таныстырды. Елші Қытай Коммунистік партиясының 100 жылдық тарихына тоқтала келіп, оның ерен еңбегін жоғары бағалады. Бүгінде бұл партия 1 миллиард 400 миллион Қытай халықының тірегі екенін білдірді.

«Қытай Коммунистік партиясы мен Жаңа Қытайдың даму тарихы әлемдегі барлық елге тамаша үлгі бола алады. Қытай мен Қазақстан тату көрші және стратегиялық серіктес. Екі жақ өзінің түбірлі мүддесі мен маңызды мәселелеріне қатысты кездескен кезде бір-біріне үнемі қолдау жасайды. Екі ел қатынасы - мемлекет аралық қатынастың үлгісі. Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинмен терең қызметтік байланыс орнауын, жеке достығымыздың да тереңдей түсуін күтемін. Қазақстан Қытай және басқа да елдермен бірге «бір белдеу, бір жол» құрылысын қарышты дамыта бермек»,– деді Н.Назарбаев.

Елші Чжан Сяо жақында төраға Си Цзиньпин мен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың телефон арқылы сөйлескенін айтып өтті. Сөйлесу барысында қазіргі індет жағдайында екі елдің әр саласындағы селбесіп дамуының жобасы мен адамзаттың тағдырлас ортақ тұлғасының маңызын атап өткені туралы тоқталды. Соңында Елші Қытайдың Қазақстанмен «Жасыл жібек жолын», «Саламатты жібек жолын», «Цифрлы жібек жолын» құруға пейілді екенін, Қытай мен Қазақстанның ортақ байланысын ілгерлетіп, қос тараптағы мемлекет пен екі ел халқына бақ-береке жаратуды мақсат ететінін айтты.

(Редактор:Shixi,Deng Jie)

Фото