Қазақстан полицияның жаңа формасы қандай болады

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 25 маусым
Қазақстан полицияның жаңа формасы қандай болады
Қазақстан полицияның жаңа формасы қандай болады

Қазақстанның ішкі істер министрлігі полицейлер үшін әзірленген жаңа үлгідегі форманы көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сілтеме жасап.

Форманы әзірлеу кезінде полиция қызметкерлері үшін барынша ыңғайлы киім жасауға баса назар аударылды, əр түрлі климаттық жағдайда қызмет атқаратын қызметкерлердің тілектері ескерілді, сондай-ақ, әлемдік тәжірибе зерттелді. Қызмет атқарудың ерекшелігі мен жағдайларын ескере отырып, жаңа үлгідегі форма дизайны мен құрылымына қарай патрульдік полиция қызметкерлеріне, сыртқы қызмет қызметкерлеріне және ішкі істер органдарының басқару аппараттарына арналған киім болып топтастырылған. Мемлекет басшысының учаскелік полиция инспекторларының мәртебесі мен танымалдығын арттыру жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде олар үшін жаңа киімнің жеке желісі әзірленді.

Полиция басқармалары аппараттарының әйел – қызметкерлеріне арналған киім жазғы кезеңде киюге арналған көйлекпен толықтырылған. Қызметтердің барлық санаттары үшін «POLISIA» жарық шағылыстырғыш жазуы бар жазғы, маусымдық және қысқы киім үлгілері жасалды. Қызметкерлердің аяқ киімі алғаш рет өзгертілді.

Кроссовкалар түрінде ұсынылған тактикалық аяқ киім аяққа ыңғайлы, аяқты жарақаттанудан, сырғанаудан қорғайды.

Қалалар мен облыстардың эмблемаларының негізінде киімнің оң жеңіне өңірлік жапсырмалар әзірленді.

Бұйымдардағы жиектің түсі қызылдан көкшіл түске ауыстырылды. Металл бұйымдар – жетондар, эмблемалар, жұлдыздар тоқыма бұйымдарына ауыстырылды. Жарық шағылыстырғыш элементтерге ерекше назар аударылды. Жаңа форманы енгізу қосымша қаржыландыруды қажет етпейді. Оған ауысу ағымдағы бюджеттік бағдарламалар шеңберінде және ескі форманың тозуына қарай кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады.

(Редактор:Shixi,Deng Jie)

Фото