Жыл басынан 800 мыңға жуық қазақстандық атаулы әлеуметтік көмек алды

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 25 маусым
Жыл басынан 800 мыңға жуық қазақстандық атаулы әлеуметтік көмек алды
Жыл басынан 800 мыңға жуық қазақстандық атаулы әлеуметтік көмек алды

2021 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 164,4 мың отбасындағы 799,2 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) тағайындалды. Биыл осы мақсаттарға бюджеттен 122,8 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

АӘК отбасының әрбір мүшесіне жан басына шаққандағы орташа табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ынан төмен азаматтарға тағайындалады.

Бұдан басқа, АӘК көрсетудің жаңа тетігін іске асыру аясында еліміздің барлық өңірлерінде табысы аз отбасылардың мектеп жасына толмаған балаларын кепілдік берілген әлеуметтік топтамамен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. 2021 жылғы 1 маусымда АӘК алушылар қатарындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі 196,5 мың балаға азық-түлік және тұрмыстық химия заттарының жиынтығы түрінде әлеуметтік топтама берілді.

Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығында, сондай-ақ egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы бере алады.

(Редактор:Shixi,Deng Jie)

Фото