- Барлық ақпарат
Балықшылық кәсібі кірісті арттырудың жаңа жолын тапты
28 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Жаз ортасында Керия ауданы Мұғала қалашығы Бостан қыстағында өсірілген балықтар ауланып, базарға шығарылды. Балық көлшігінің қасында, салмағы 3,5−4 килограм болатын боз балықтар ау ішінде тулап сала берді. Мұны көрген қыстақ тұрғыны Абдұғани Мәтрозідің жүзінен мол өнімге деген қуаныш лебі есті.
Бостан қыстағы Керия аудан қалашығынан 14 километрдей жерде орналасқан. Қыстақты не бәрі 32 отбасынан 124 жан ғана мекендейді. Керия өзеніне таяу маңда орналасқан Бостан қыстағының көрінісі көркем. Жан басына шаққандағы егістік жері аз болғанымен, су байлығы мол. Қыстақтың балық өсіру тарихы болғанымен, суды пайдалану салыстырмасы төмен, көлемі аз, ғылыми бағымшылық техникасы кемшіл, табыстары да мардымсыз еді.
Халықты кедейліктен арылту үшін қамал алу жетістіктерін бекемдеп, кеңейтуді ауыл-қыстақты гүлдендіріп, өнімді молайту үшін автономияның мемлекет меншігіндегі мал-мүлікті бақылау-басқару комитеті жіберген бірінші хатшы мен қыстақ “екі комитеті” балықшылық кәсібін дамытуда қыстақ тұрғындарының кірісті арттыруды жүзеге асырудағы, ауыл шаруашылығын дамытудағы және ауыл-қыстақты гүлдендірудегі міндеттерді айқындап берді.
Биыл жыл басында Бостан қыстағы арнайы ұсыныс таратып, балықшылық кәсібін дамытудың жоғары бастамасын жоспарлады. Ең соңында Хотан ауданындағы 20 жылдық балық өсіру тәжірибесі бар майталман отбасы Сон Цюню “бәсекеге ілінді”. Автономияның мемлекет меншігіндегі мал-мүлікті бақылау-басқару комитетінің Бостан қыстағында тұратын бірінші хатшы Куиган мен қыстақ “екі комитеті” қыстақтағы көне балық көлшіктерін бірге жоспарлады және біріктірді. Сон Цюню 300−400 миллион юань ақша шығарып, оны көлшік түбіндегі қайраңды тазалау, көлшік ернеуін кеңейту, балық өсіру аумағын ғылыми жобалау сияқты игілікті істерге жұмсап, қыстақтағы 468 му ескерусіз қалған балық көлшігін толымды балық өсіру көлшігіне айналдырды.
18 маусым күні Бостан қыстағының балық өсіру көлшігінде Сон Цюню балықтарға жем шашты, жемді көрген сан мыңдаған балық су бетіне ыршып шығып, көлшік бетінде бұйра толқын пайда болды. “Мен мамандандырылған құрылымдарға су сапасын тексеруге ұсыныс жасадым. Бұл жердің су сапасы жақсы, балық өсіруге жайлы болып келеді. Бүгінде 5 түрлі балықтың шабағын салдым. Межемен жыл соңында 40 тонналық балық алуға болады”. Сон Цюнюдің айтуынша, тірі балық сатудан тыс, соңғы жарты жылда қыстақта шабақ көбейту орталығын, балық тазалау зауытын және салқындатылған қойма салып, өсіріп-өңдеп, сауда-саттық жасаудан ас-суға дейінгі кемелді кәсіп саласы тізбегін қалыптастыруды жоспарлап отыр екен.
Куиган мынадай бір есеп жасады: «Әр му балық көлшігінің жылдық көтерме бағасы 150 юань, бір жылда қыстақ ұжымының кірісін 70 мың юанға көбейтеді. Көлемі ұлғайған бағымшылық қыруар еңбек күшін қажет етеді. Осы елді мекеннің тұрғындарын жұмыспен қамтып, әр адамның бір күндік кірісін 200 юаньға көбейтеді. Бағымшылық техникасы мен сапасының жоғарылауы қыстақ тұрғындарын бірте-бірте ынталандырып, олардың бағымшылықтың тың тәсілдерін, жаңа техниканы игеруіне мүмкіндік береді. Осының бәрі қыстақтағы балықшылық кәсібінің деңгейін өсіріп, одан әрі жоғарылатуын жүзеге асырды.
“Қыстақ бағымшы отбасыларына арнап ғылыми бағымшылықтың қақпасы ашылды”,-деді Абдұғани Мәтрозі тебіреніп. Бұрын ол ел таныған балық өсіру шебері еді, бүкіл қыстақ бойынша оның балық көлшігіндегі шабақтарының өсу жағдайы сапалы, өнімділігі жоғары болатын. Алайда соған қарамастан бір му балық көлшігінен бір жылда кіретін табыс 500 юаньға жетпейтін.
Абдұғани Мәтрозінің айтуынша, бұрын ол шабақ салған соң мүлде суды ауыстырмайтын, азықтандырудың ғылыми тәсілін де білмейтін. Балық көлшіктегі қамысты жейді деп санап, балықтар ашықса, аздап жоңышқа мен жүгері салып қоятын. Қазір ол Сон Цюнюға ілесіп, ғылыми бағымшылық техникасын игерді. Оның үш балық көлшігіндегі балықтары қоңды әрі ірі. Биыл межемен алғанда әр му балық көлшігінен мыңдаған юань кіріс кіргізуге болады.
Бұдан тыс, Абдұғани Мәтрозі автоматты жем беру аппараты арқылы Сон Цюнюдің балық көлшігіне жем шашады, айлық кірісі 4000 юань. Бір жағынан, қаражат тауып, екінші жағынан, балық өсіру техникасын игерген Абдұғани Мәтрозі қалған жарты жылда өз үйінің балық көлшігін кеңейтіп, кірісін арттыруға қам жасап отыр.
“Ата қаз” бастап ұшты, ауыл-қыстақтың кәсіп саласын гүлдендіруге де қанатын қомдайтын күш-қуат берді. Куиганның жоспарынша, Бостан қыстағында “балықшылықты+” дәнекер етіп, балықшылық кәсібі бойынша сейіл-серуен құруға, оны танып-білуге, ғылым-білімді үйлестіріп, ерекше ас-су дайындауды да кеңейтіп, негізгі салалық мәдени туризм желісін қалыптастырып, кәсіп пен туризмді бірге дамытады. Балық көлшіктерін үздіксіз біріктіріп, мың мулық балықшылық базасын құрып, Керия ауданы балықшылық кәсібінің көрме-сату алаңын да құрып, Хотан аймағының су өнімдері арнасының кемелдене дамуын қамтамасыз етпек.
people.cn © People's Daily Online