Алатау сағасынан экспортталып, шекара аттаған электронды сауда жолдамалары алдыңғы 4 айда 307%-ға артты

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 28 маусым

28 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Үрімжі кеденінен ұғысуға қарағанда, биыл алдыңғы 4 айда Алатау сағасы шекара өткелінен экспорт етілген шекара аттаған электронды сауда жолдамалары 15 миллион 950 мың 400, зат құны 31 миллион 276 мың 200 доллар болып, сәйкес мезгілдегіден жекелей алғанда 307% және 161%-ға артқан.

Бір жылдан артық әмәлият арқылы Алатау сағасы шекара өткелі ел іші шекара аттаған электронды сауда жолдамаларын теміржол арқылы экспортқа шығаратын маңызды шекара өткеліне айналып, оның жасампаздықпен атқарған тасжол және теміржол арқылы бірлескен тасымалдау үлгісі де барған сайын толыға түсті. Биыл жыл басынан бері осы шекара өткелінен экспортталып, шекара асқан электронды сауда жолдамаларының мөлшері айтарлықтай жоғарылады. Мұның ішінде сәуір айының өзінде Алатау сағасы шекара өткелінен шекара аттаған электронды сауда жолдамаларының саны алдыңғы айдағыдан 10.6%-ға, зат құны алдыңғы айдағыдан 21. 2%-ға артты.

“Биыл жыл басынан бері біз экспорттаған электронды сауда жолдамаларының саны біршама орнықты болды. Межеленген маусымда жолдамаларды жөнелту мөлшері одан әрі артып, бір айда 10 миллионнан асуы мүмкін”, - деді белгілі электронды сауда тыйжарат кәсіпорнының жауапты қызметкері Ван Вэйхуа.

Алатау сағасы кедені тексеру бөлімі мыналарды мәлімдеді: өткен жылдың маусым айында шекара асқан электронды сауда жолдамаларының экспорт етілуі қауырт болып, мамыр айының өзінде экспортталған электронды сауда жолдамаларының саны 10 миллионнан асқан. Қазір бір машина затты тексеру уақыты бастапқы 2 немесе 3 сағаттан бір сағат мөлшеріне қысқарды.

Алатау сағасы кеденінің бастығы Ян Сяоцзюнь мыналарды атап өтті: Алатау қаласы шекара аттаған электронды сауда істерінің кедені жергілікті үкіметпен сәйкесіп бажсыз зат дайындау, шекара аттаған электронды сауда экспорттарының шетел қамбасы сияқты кәсіптердің шекара өткеліне ірге теуіп дамуын одан әрі жақсартып, осы сыртқы сауда жаңа кәсібін жергілікті орында кешенді дамуын ілгерілетеді.  

(Редактор:Shixi,Deng Jie)

Фото