Тарым мұнай алабы жер асты өте терең қабатынан бір миллиард тонналық мұнай мен табиғи газ қоры табылды

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 28 маусым

28 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай мұнайы табиғи газ жарналық шекті жауапкершілік серіктестігі Тарым мұнай бөлімше серіктестігімен сұхбаттасып, Такламакан шөлінің ішкі бөлігі, Тарым өзенінің оңтүстік бөлігіндегі Фуман аумағында бір миллиард тонналық жер асты ерекше терең қабатынан ірі мұнай мен табиғи газ қорының жаңадан байқалғандығын жариялады. Бұл соңғы 10 жылдан бері қарай Тарым ойпаты мұнай алабын қазу кезіндегі қол жеткізген ең үлкен байқау болды.

Айтылған деректерге қарағанда, Тарым мұнай алабы Фуман мұнай өңірінен қазір 56 жерден 100 тонналық құдық бұрғыланып, Фуман мұнай аумағы мұнай мен табиғи газ қоры сақталуының геологиялық заңдылығын анықтады. Қытайдың мұнай тобы Тарым мұнай алабы серіктестігінің бас директоры Ян Сювен былай деді: «Фуман мұнай алабының негізгі өндіріс қабатының тереңдігі 8000 метрге жуық болғандықтан, оны аршудың қиындығы дүние жүзі бойынша алдыңғы лекте еді. Соңғы алты жылдан бері Тарым мұнай алабы мұндай қиындықтарды жеңіп, техникалық бөгеттерді бұзып, жаңа құдықтың табысқа жету мөлшерін 75% -дан 95% - ға ұлғайтып, үлкен құмды өңірдегі жер астының ерекше терең қабатынан мұнай мен табиғи газды жоғары өнімділікпен қазып алуға қол жеткізді.

Жақын күндерден бері Тарым ойпатындағы Фуман өңірінде қуанышты хабар толастамады. Аталмыш аумақтағы құдықты бақылауда екі құдықтың бұрғылау тереңдігі 8470 метрге, мұнай барлау барабай діңгегінің биіктігі 550 метрге жетіп, Тарым ойпатындағы құмды шөлдің жер асты ең терең қабатынан мұнайдың табылғандығы және мұнай барлау барабай діңгегінің биіктігі үлкен жаңалық болды. Бұл 8000 метр тереңдіктен 5 миллион тонна ерекше үлкен мұнай алабын байқаумен пара-пар еді.

Тарым ойпаты еліміздегі ең ұлкен мұнай мен табиғи газ алабы. Тереңдігі 6000 метрден асатын мұнай мен табиғи газ байлығы еліміздің жалпы мұнай мен табиғи газдың 83,2% мен 63,9% - ын құрайды. Бүгінде Тарым ойпаты еліміздегі ең үлкен терең қатпарлы мұнай мен табиғи газ өндіріс базасын құрып, елімізде энергия қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жаңа өрісін ашты.

(Редактор:Shixi,Deng Jie)

Фото