- Барлық ақпарат
«Қытай бұл белетін мәңгі дамушы елдерге тастайды»
30 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Ван И былай деді: «БҰҰ-ның құрылуы - адамзаттың бейбітшілігі мен даму істерінің бір белесі. Қытай - БҰҰ Жарғысына бірінші болып қол қойған мемлекет. 1971 жылдың 25 қазанында бірлескен елдер ұйымының 26-ншы кезекті жиналысы басым көп дауыспен 2758-інші нөмірлі қаулысын мақұлдады. Қаулыда Қытай Халық Республикасының Бірлескен Ұлттар Ұйымындағы барлық құқығын қалпына келтіру, Қытай Халық Республикасы үкіметінің уәкілін Қытайдың Бірлескен Ұлттар Ұйымындағы бірден-бір заңды уәкілі екендігін мойындау ұйғарылды. Бұл жаңа Қытай дипломатиясының, дүние жүзінің әділдігі мен әділеттілігінің, сондай-ақ БҰҰ ережесінің мақсаты мен ұстанымының жеңісі саналып, дүние жүзінің бейбітшілігі мен даму күшін бұрын болып көрмеген деңгейге көтерді».
Сол сияқты Ван И: «Төраға Мао Цзэдун дамушы елдер бізді Бірлескен Ұлттар Ұйымына көтеріп кіргізді деген болатын. Бұл сөз барлық дамушы елдердің Қытаймен терең достығын жанды түрде дәлелдеді. 50 жылдан бері Қытай да сондай рухпен дамушы елдердің орынды құқық-мүддесін табандылықпен қорғап, олар үшін әділетті сөз сөйледі. Қытай бұрын да, қазір де, болашақта да дамушы елдермен бірге болады, Қытайдың БҰҰ-дағы белесі мәңгі дамушы елдерге ортақ», - деген пікір білдірді.
Ван И былай деді: «Жаңа тарихи бастамада Қытай БҰҰ-ның істеріне үздіксіз түрде бар күшімен ат салысып, БҰҰ-дағы орнын барынша қорғайды. БҰҰ ережесінің мақсаты мен ұстанымын мейілінше қорғап, шынайы көп жақтылық туын биік ұстап, дүние жүзіндегі әр елмен бірге бүкіл адамзаттың бейбітшілігі мен дамуын қолдайды, әрі үнемі алға басып, қажымай-талмай күрес жүргізе береді».
people.cn © People's Daily Online