Нұр-Сұлтанда қос жағалауды жалғайтын жаңа көпір салынады

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 30 маусым
Нұр-Сұлтанда қос жағалауды жалғайтын жаңа көпір салынады
Нұр-Сұлтанда қос жағалауды жалғайтын жаңа көпір салынады

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Есіл өзенінен өтуге арналған жаңа көпір құрылысы туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл Тәуелсіздік даңғылымен Есіл өзенінен өтетін көпір құрылысын бастаймыз. Алдағы екі жылда құрылыс аяқталады. Сонда Мәңгілік ел даңғылындағы көлік кептелісі азайтып, оң және сол жағалауларды қосымша көпірмен жалғаймыз», - деді А. Көлгінов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен бірге, биыл 2 көпірдің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілуі тиіс.

«Көлік жүктемесін азайту үшін қосымша көпірлер салуымыз қажет. Қазір шартты атауы №27 көше әзірленіп жатыр. Онда Жаңа вокзалға қарай Нұра-Есіл каналы мен Есіл өзенінен өтетін екі көпір салынған. Бұл да оң және сол жағалаудардағы көлік кептелісін азайтуға көмектеседі. Биыл барлық құрылыс аяқталып, пайдалануға беріледі», - деді елорда әкімі.

(Редактор:Shixi,Deng Jie)

Фото