- Барлық ақпарат
Көсілген таулардағы көрікті жайлау
(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 1 шілде
![]() |
Синьхуа агенттігінің тілшісі Ху Хуху фотосы |
1 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Шыңжаңның солтүстігіндегі Тарбағатай аймағы Шағантоғай ауданындағы Барлық тауы өңірі - Жайлы жайлау, маңызды мал шаруашылығы өндіріс базасы. Шағантоғай ауданындағы тұтас жайылымның ауданы 7 миллион мудан, пайдалануға болатын көлемі 5 миллион 300 мың мудан асады.
Қазір Барлық тауындағы жайлаулардың ең тамаша мезгілі. Қатпар-Қатпар таулардың қарлы шоқылары көкпен тілдеседі, аппақ киіз үйлер, қоралы қой мен табынды сиыр жап-жасыл сахараның салтанатын асырып, түрлендіре түседі. Көлікпен келген туристер дала төсінде жүйткіп, асқар таулы жайлаудағы шопан әнінің ырғағымен үйлесім тапқандай болады.
(Редактор:Shixi,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online