Алдынғы бес айда еліміздің «бір белдеу, бір жол» бойындағы елдерге қосқан қаржы қарқыны артты

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 7 шілде
Алдынғы бес айда еліміздің «бір белдеу, бір жол» бойындағы елдерге қосқан қаржы қарқыны артты
(Фотода 15 маусым күні жұмысшылар қарбалас тапсырма орындап жатыр)

7 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- «Бір белдеу,бір жол» жобасы ала келген маңызды қадамдарды нәтижелі игерген Хайнань өлкесі әуежайды, порттарды орналастыру қарқынын шапшаңдатып, құрылғыларды дамытып, экономиканы ілгерілетті.

Қазір Хайкоу Синьхай порт маңындағы Синьхай сырғымалы кеме тұрағының жолаушы тасымалы негізгі ортақ нысан ретінде орнықты дамып келеді. Оның толық іске қосылуы Синьхай портының туризм, сауда-саттық, еркін саудада қызмет көрсету сияқты кәсіптердің дамуын жеделдетіп, Хайнань еркін сауда порты құрылысына дем беретіні анық. 

Тілшінің Сауда министрлігінен алған мәліметінше қаңтардан мамырға дейін мемлекетіміздің «бір белдеу, бір жол» бойындағы елдерге финаныстың сыртында қосқан қаржы көлемі 7 миллиард 430 миллион АҚШ долларына жеткен. Алдыңғы мерзіммен салыстырғанда салым 13,8%-ға артып, ағымдағы жылдың жалпы қаржы көлемі 17,2% - ды құрады. Осылайша үстіміздегі жылмен салыстырғанда қаржы 1,7 пайызға артқан. «Бір белдеу, бір жол» бойындағы елдерге қосқан қаржы қарқыны артып, салынуға тиісті құрылыс көлемі орнықты түрде ілгеріледі. Осы жоба бойынша тиісті елдермен тағы да жаңадан келісімге қол қойылып, құрылысты дамытуға жұмсалатын қаржының жалпы сомасы 46 миллиард 490 миллион АҚШ долларына ұлғайды. Бизнесті орындау сомасы 30 миллиард 800 миллион долларды құрады. Ұқсас мезгілде сыртқы құрылысты көтереге алу жаңа жазылған тоқтам сомасы мен бизнесті орындау сомасы жеке-жеке 55.5% және58.5% болды. 

Көптеген салалардың сыртқа қаржы қосу деңгейі артты. Бұның ішінде жергілікті орындар қосқан қаржы сексен пайызға жуықтады.

(Редактор:Shixi,Deng Jie)

Фото