Мақта бізді бақытты тұрмысқа жеткізді

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 7 шілде

7 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Аратүрік ауданындағы мақта теруші Мәнзүрәм Иүсүп. Мен бұрын мақта теретін жұмысшы едім. АҚШ-тағы және батыстағы Қытайға қарсы күштердің «зорлықпен еңбекке салды» дегенін бұрын-соңды көрген де, естіген де емеспін, оған сенбеймін де. Мен 2012 жылы досымнан Құмыл қаласы Ижоу районында мақта теруден көп кіріс табуға болатындығын естіп, мақта терейін деп ниеттендім. Жолдасым да қолдағаннан кейін, досыммен бірге мақта теруге бардым. Шамамен 50 күннің ішінде мен шебер мақта терушілерге ілесіп, мақта теру өнерін үйрендім. Менің кірісім 10 мың юаннан асты. Содан бастап мен әр жылы мақта теруге баратын болдым да, бұдан түсетін кіріс отбасымыздың «шағын қазынасына» айналды.

Мен мұндай «жыл құсы сияқты» маусымдық ақша табу тәсілі баянды болмас деп ойлап жүрдім. Бірнеше жыл бойы мақта теруден тапқан қаражатымды және досымнан алған қарызды біріктіріп, былтыр отбасымыз шағын дәмхана ашты. Әзірлеген асымыз дәмді әрі таза болғандықтан, біздің дәмханамыздан тамақтануға келетіндердің саны көбейді. Дәмхананың кірісі де біртіндеп молайып, қазір айлық кірісіміз 8000 юань шамасына жетті. Саудамыз табысты болып, отбасымыздың тұрмыс жағдайы да барған сайын жақсара түсті.

Еңбек адамға бақ сыйлайды, бұл ең қарапайым қисын. Мақта теруге біз өз еркімізбен бардық. Оны қалай «зорлықпен еңбекке салғандық» деп айтуға болады? Мен адамдардың Шыңжаң мақта кәсібін даттауына, біздің Шыңжаңға күйе жағуына ешқашан жол бермеймін.  

(Редактор:Shixi,Deng Jie)

Фото