Бейжің – Үрімжі жоғары қарқынды тасжолында бүкіл желі бойынша автокөлік қатынады

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 7 шілде
Бейжің – Үрімжі жоғары қарқынды тасжолында бүкіл желі бойынша автокөлік қатынады
Қатынас – тасымал министрлігі берген фото

7 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Бейжің – Үрімжі жоғары қарқынды тасжолында бүкіл желі бойынша автокөлік қатынап, терістік шығыс, солтүстік Қытай, терістік батыс секілді өңірлер арасында аса жылдам қатынауға болатын даңғыл жолға айналды.

Онлайн «Халық Газетінің» тілшісі Цяо Сюэфэн 30 маусым күні Бейжіңнен ақпарат жолдады. Бейжің – Үрімжі жоғары қарқынды тасжолының Утұң Дачуаньнан Мориға дейінгі 515 километрлік бөлігінің құрылысы аяқталып, автокөлік қатынасы оңтайланып, Бейжің – Үрімжі жоғары қарқынды тасжолындағы «ең соңғы бір километр» біріктірілді. Бұл Бейжің – Үрімжі жоғары қарқынды тасжолында барлық бағыт бойынша автокөлік қатынасының орныққанын көрсетеді.

Мәліметтерге қарағанда, Бейжің – Үрімжі жоғары қарқынды тасжолының Утұң Дачуаньнан Мориға дейінгі бөлігі - Бейжің – Үрімжі жоғары қарқынды тасжолының ең соңғы бөлігі. Оның жалпы ұзындығы 515 километр, қос бағытта төрт автокөлік жүретін жоғары қарқынды тасжол өлшемі бойынша жобаланған. Жобадағы сағаттық қарқыны 120 километр. Сонымен бірге, бұл - еліміз бойынша автокөліктердің бір бағытқа қатынағандағы басатын аралығы ең ұзақ бизнес сипатындағы жоғары қарқынды тасжолы.

Қатынас-тасымал министрлігіндегі сала мамандарының айтуынша, Бейжің – Үрімжі жоғары қарқынды тасжолы — мемлекеттің жоғары қарқынды тасжолын салу жоспарындағы жетінші таралмалы желі. Еліміздің батыс бөлікті қауырт ашуындағы маңызды қатынас даңғылы, жалпы ұзындығы 2822 километр. Бейжің – Үрімжі жоғары қарқынды тасжолы Бейжің –Чжанцзякоу – Ұланчаб – Хух-хото – Баутоу – Баяннұр (линхь) – Арасан – Цзюцюань – Құмыл – Тұрпан – Үрімжі бекеттерінен өтеді.

(Редактор:Shixi,Deng Jie)

Фото