Алтай аймағы “Шопан жыры” атты интернеттегі іс-шара ұйымдастырады

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 14 шілде

14 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Жадырған жаз айында Алтайда табиғат құлпырып, айнала гүлдей жайнайды. 8 шілдеде, Алтай аймақтық үгіт бөлімі ұйымдастырған “Шопан жыры” атты интернет желісіндегі ақпарат тарату тақырыптық қызметі ресми түрде басталды. Бейжің, Танжин, Шанхай, Ченду сияқты жерлерден арнайы келген саяхатшылар фото, саяхат естеліктерін, видеотүсірілімдегі Алтайдың көркем табиғатын жұртшылық назарына ұсынды.

  

Ақпараттар легіне қарағанда, мұндай шаралар аясында саяхатшылар Алтайдың Қанас, Көктоғай жерлеріндегі табиғатты тамашалау сапарында болады.

Көктоғайда саяхатшалар интернетті елеңдеткен хит шопанды тауып, оның тұрмысын-тіршілігін өз көздерімен көріп, махаббат хикаясын тыңдайды. Аққайың салт-дәстүр орталығында, Әмірсанада және Айдаршөп жылғасында дәстүрлі қойылымдарды тамашалап, түйеге, атқа мініп, асыл тастар жинайды.

Көктоғай қалашығындағы мұражайға, 3 -інші нөмірлі кенге, Айкөз кен үңгіріне барып, жергілікті жердің тарихымен танысады. Сонымен бірге, ұжым жетекшілері Көктоғайдан асыл тастар іздеу шарасын ұйымдастырып, Вейбо, Tik-Tok сияқты әлеуметтік желілерде интернет тұтынушыларымен өзара пікірлеседі.

Қанас саяхатында саяхатшылар “омарташы қыздың” қарбалас тіршілігімен және бал дайындаудың технологиясымен арнайы танысады. Тувалар мекендеген жерге барып, ертегілер еліндей қыстақтың мәдени тұрмыс-тіршілігіне қанығады. Жұмақ мекеніне айналған Қанас көліне барып, сұлулық әлеміне көз мейірін қандырады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото