Дүниежүзілік банк биыл Қытай экономикасының даму көлемі 8. 5%- ға жетеді деп межеледі

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 15 шілде

15 шілде, онлайн «Халық Газеті» --Дүниежүзілік банктің Қытайда тұратын уәкілдер басқармасының жариялаған мәліметінде биыл Қытай экономикасының даму көлемі 8. 5% -ға жетеді деп межелеуіне сәйкес, 1 шілдеде Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Уаң уынбин былай деді: «Дүниежүзілік банктің мәліметі Қытай экономикасының дамуына деген халықаралық қоғамның сенімін әйгіледі. Қытай әрқайсы елдердің Қытай нарығымен белсенді тоғысып, игілікті өркендеуін қуанышпен қарсы алады».

Сол күні баспасөз өкілдерін қабылдау мәжілісінде, тілші былай деп сұрады: «Бізге мәлім болған хабарға қарағанда, Дүниежүзілік банктің Қытайдағы басқармасы жуырда жариялаған мәліметінде, Қытайдағы тұтынушылар мен кәсіпорындардың өздеріне деген сенімі артып, жұмыс күші нарығының жақсарғанына байланысты биыл Қытай экономикасының дамуы 8. 5%-ға жетеді деп межелеген. Сыртқы істер министрлігі бұл жөнінде қандай пікір білдіреді?»

Уаң уынбин: «Дүниежүзілік банктің мәліметі халықаралық қоғамның Қытай экономикасының дамуына деген сенімін тағы бір рет әйгіледі. Биыл Қытай экономикасының дамуындағы тұрақтылық елдің әлеуметтік ахуалын жақсартып, тараптармен қатынасын нығайтып, шетелдегі серіктестік байланысты да қарқынды ете түсті. Өткен 5 айда Қытайдың ішкі өнімнің жалпы құны тұрақталып, бүкіл ел бойынша нақты пайдаланылған шетел қаржысы 481 миллиард юаньға жетіп, өткен жылғы көрсеткішке қарағанда 35. 4%-ға артты. Мемлекет бойынша шетелге бағытталған, қаржылық емес тікелей қосылым 43 миллиард 290 миллион АҚШ долларына жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 2.6%-ға артқан. Импорт – экспорт айналымының жалпы сомасы 14 триллион 760 миллиард ұлттық валютаға жетіп, көлемі бойынша рекорд жаңартты. Бұл жетістік дүние жүзі экономикасының жандануына оң ықпал етті. 

Уаң уынбин былай деді: «Қытай қазір жаңа даму кезеңін тиянақтап, жаңаша таным мен даму ауқымын қалыптастырып, жоғары сапалы жетістіктерді жүзеге асыруда. Бұл басқа елдермен серіктестікті нығайтып, оңтайлы нарықтық шешімдер: қаржы бөлу, елдің әлеуетін нығайту және көркейту секілді игілікті қадамдарға жол ашпақ. Сол сияқты Қытай тарабын ашық ұстау, елдермен байланыс орнату, ынтымақтасу, игілікке бірге жету көзделеді. Ашық экономикалық ынтымақтасу арқылы Қытай нарығын дүние жүзілік деңгейге көтеріп, өзге елдермен ортақ сауда дәлізін жасау – басты мақсат. Біз елдер арасындағы нарықтық қатынасты оңтайландырып, Қытай нарығының көршілес елдермен бірлесе дамып, сол арқылы халықтың әл-ауқатын жақсартуға ықпал етуіне мүдделіміз».

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото