Жазғы астықтан қатарынан 18 жыл мол өнім алынды

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 16 шілде

16 шілде, онлайн «Халық Газеті» --Мемлекеттік санақ мекемесінің 14 шілдеде жариялаған мәліметі бойынша үстіміздегі жылы бүкіл ел бойынша жазғы астықтың жалпы өнім мөлшері 145 миллион 820 мың тоннаға жетті. Бұл 2020 жылдағыдан 2 миллион 967 мың тонна, яғни, 2.1 %-ға көп. Еліміз жазғы астық өндірісінен 18 жыл бойы мол өнім алып келеді.

Сандық көрсеткіштерге қарағанда жазғы астық егілетін жерлердің аумағы кеңейген. 2021 жылы ел бойынша жазғы астық егілген жер көлемі 26 миллион 438 мың гектар болды, бұл 2020 жылғы 265 мың 500 гектардан 1%-ға көп.

Жазғы астықтың сандық түсім деңгейі айтарлықтай жоғарылаған. 2021 жылы мемлекет бойынша жазғы астықтың түсімі гектарына 5515. 7 килограмм болып, 2020 жылдағыдан әр гектарына 57. 4 килограммға артып, 1. 1%-ға көбейген. Мұндай көрсеткіш 3 жыл бойы жалғасып келеді.

Ауыл шаруашылығы мамандарының айтуына қарағанда, 2021 жылы жазғы астықтан мол өнім алу - жалпы жылдық астық өнімінің 650 миллион тоннадан жоғары болуына негіз қалап, «14 – Бес жылдық жобаға» оңтайлы бастама жасап, экономикалық қоғамның сапалы, жаңаша дамуын қалыптастыруға қуатты тірек болды.  

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото