777 адам! Токио олимпиадасына қатысатын Қытай спорт ұжымы өкілдерінің есімдері жарияланды

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 16 шілде

16 шілде, онлайн «Халық Газеті»--Токио олимпиадасына қатысатын Қытай спорт ұжымы өкілдерінің есімдері 14 шілдеде белгілі болды. Ұжым өкілдерінің жалпы саны 777 адам. Оның ішінде 431 спортшының ( 298 әйел, 133 ер адам), бапкер, жетекші, шипагер сияқты спорт қызметкерлері 307, ұжым қызметкерлерінің саны 39 адам.

Бұл Қытайдың алғаш рет шетелдегі олимпиадаға ең ауқымды спорт ұжымын қатыстырған шарасы.

Ұжым құрамындағы 431 спортшы 28 өлке-қаладан таңдалған, 9 аз санды ұлттан 33 спортшы бар. Спортшылардың орташа жасы 25.4, ең кішісі 14 жастағы суға секіруші Цюань Хунчан, ең егдесі 52 жастағы ат ойындары спортшысы Ли Чжэнцян.

Спортшылар арасында 138 үміткердің олимпиадаға қатысу тәжірибесі бар, олардың арасында Рио Олимпиадасына қатысқандары 131 адам. Ал 293 спортшы олимпиадаға тұңғыш рет қатысқалы отыр.

Қытай спортшылар ұжымында спорттың 11 түрінен 24 алтын медаль иегері бар. Оның ішінде 19 алтынды Рио Олимпиадасында жеңіп алған.

Бүгінге дейін ұжым мүшелерінің вакцина ектіру мөлшері 99. 61%-ға жетті. 

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото